2018 жылдың 9 сәуірінде Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасында әскери білім мен ғылымды дамыту және әскери-патриоттық тәрбиені қалыптастыру» тақырыбында Үкімет сағаты өтті.
Қорғаныс министрі баяндамасында Парламент Мәжілісінің депутаттарын Қарулы Күштердегі әскери білім мен ғылым жүйесі, Қазақстан Республикасындағы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде жүргізілетін жұмыстар туралы мәлімдеме жасады. Бұдан өзге, Үкімет сағатын өткізу аясында депутаттарға офицерлер мен жоғарғы оқу орындарында оқитын курсанттардың техникалық талдамаларының, ғылыми жұмыстар мен әдістемелік оқу-жаттығу нұсқаулықтарының көрмесі ұсынылды.