Тұңғыш Президент күні қандай іс-шаралар өтеді?

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу шеңберінде Қорғаныс министрлігімен жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді дамытуға бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланды.

2018 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Ұлттық әскери-патриоттық орталықта ұдайы негізде мыналар көрсетіледі: - заманауи Қазақстан армиясы және Қарулы Күштердің құрылуында Жоғарғы Бас қолбасшының ролі туралы М.Б. Греков атындағы әскери суретшілер студиясы картиналарының көрсетілімі; - арнайы эффектілерді пайдалана отырып, «Орбұлақ шайқасы» диорамасының көрсетілуі; - Қазақстанның жандандырылған ұлттық нышандарымен толтырылған бірегей 3D–mapping шоуды пайдалана отырып, проекциялық көрменің көрсетілімі. Сондай-ақ алғаш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде бұл күні ата-бабаларымыздың бүкіл тарихын қамтитын экспозициялар (картиналар мен жәдігерлер) ұсынылады. Одан басқа, Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мереке күндері жаппай жас толымның әскери ант қабылдау салтанатты рәсімдерін, Қарулы Күштер ардагерлері, әскери қызметшілер, жауынгерлік оқу озаттары және т.б. қатысуымен ашық есік күндерін ұйымдастырады.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"