Туған жердің топырағы Волгоград қаласына жөнелтілді

16 сәуірде еліміздің даңқты қолбасшысы Б. Момышұлына арналған Астанадағы ескерткіш алаңында Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті , ҚР ҚК Бас әскери полициясы, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің 68665 әскери бөлімі, Астана қаласы Білім басқармасы, Ішкі істер департаменті, ардагерлер кеңесі бірлесе отырып, гүл шоқтарын қойып, митинг өткізді. Митинг барысында туған жердің топырағы арнайы салынған капсуланы Волгоград қаласына жөнелту салтанатты рәсімі өтті. Бұл шара Ұлы Отан соғысындағы ең ірі-Сталинград шайқасындағы жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Жақында «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі сәуірдің 27-сінде Ресейде өтетін Сталинград қорғаушылары- Қазақстаннан барған жауынгерлерге арналған граниттен жасалған ескерткіштің ашылу салтанатына шақырту алған болатын. Осы шараға орай, «Генералдар кеңесі» РҚБ делегациясы туған жердің топырағын Ресей қаласының Волгоград қаласындағы «Мамаев қорғаны» мемориалына орнатылған аталған ескерткішке қоюды жоспарлап отыр. «Сталинград қан майданында ерлікпен қаза тапқан батырларымызды еске алу бұл ақын Р.Рождественский айтқандай, өлгендер үшін емес, тірілер үшін керек»,- деп сөз алды ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, запастағы генерал-майор Марат Нагуманов. Соғыс басталғанда Ақмола аумағынан қазақстандық – 310, 387, 29-атқыштар жəне 106-атты əскер дивизиялары құрылған болатын. Осы кезде өңірден шақырылған 15 мыңға жуық сарбаз Отанымыздың бостандығы мен бейбіт ғұмыры  үшін жан аямай қиянкескі ұрысқа қатысты. Олардың жартысы, яғни, 7 414 майдангер ерлікпен қаза тапты.Ұлы Жеңістің жарқын күндерін жақындатуда қазақстандық майдангерлердің үлесі ұшан-теңіз. Сол бір сұрапыл жылдары соғысқа аттанған 1млн.200 мың Қазақстан азаматының жартысынан көбі елге оралған жоқ. «Сол адамзат баласына әкелген зұлмат қантөгіс үшін өткен шараға Германия Парламентінен келген делегация өкілдері бұрыңғы Кеңес одағы елдерінен кешірім сұрады» деп атап өтті ҚР Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері қазақстандық кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков. Ресейде ақпан айында Сталинград шайқасындағы жеңістің 75 жылдығына орай өткен шараға біздің елден бір топ генералдар қатысқан болатын.

                                                                                       Меруерт Сафаева

                                                                 Суреттерді түсірген Ағыбай Аяпберген


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"