Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елордада жас патриоттар арасында «Айбын-2021» жиыны басталды

«Айбын» VII республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды. Биыл жиын тағы да онлайн форматта өтеді. Оған «Жас ұлан» республикалық мектептерінен, С.Нұрмағамбетов атындағы Қорғаныс министрлігінің Әскери колледжінен, еліміздің облыстары мен қалаларындағы Қарулы Күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери-патриоттық клубтарынан құрамында 1100-ден астам жасөспірімнен құралған 74 команда қатысады.

Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында орналасқан фронт-кеңсе арқылы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Мұрат Бектанов жиынға қатысушылар алдында сөз сөйледі.
Қорғаныс ведомствосының басшысы Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «жастар – даму символы, жарқын болашаққа деген үміт көрінісі» деген сөздерін мысалға келтіріп, бұл жаңа буынға үлкен жауапкершілік жүктейтінін жеткізді.
2021 жыл Қазақстан Тәуелсіз ел болғанына 30 жыл. Сіздер – тәуелсіз мемлекеттің ұрпағысыздар, еліміздің басты игілігі, оның күші мен әлеуетісіздер, – деді Қорғаныс министрі.
Қорғаныс министрі жиынға қатысушыларға жарыстарда сәттілік пен сергектік тіледі. Отан қорғаушыларымен бір қатарға тұруға лайықты болып, осы күрделі де құрметті мамандықты таңдап, өз өмірін әскермен байланыстырғысы келетін жастардың талпынысы мен ниетін атап өтті.
Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде сүйікті кәсібін оқытуға және қойылған мақсаттарын іске асыруға ұмтылатын жастар үшін қажетті жағдалар жасалған. Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жолындағы ауқымды жұмысты облыс және қала әкімдері, білім беру, жастар ісі жөніндегі басқармалардың басшылары жүргізеді.
Ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Юрий Ильин, Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов, төрағаның орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Дархан Ділманов, Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары полковник Батырбек Байбосынов, Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарабаев, басқа да министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысты.
Жиын аясында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар, «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны, «Айбын жұлдызы» шығармашылық конкурсы, «Смарт сарбаз» конкурсы өтеді. Онда жас құрастырушылардың қолымен жасалған роботтар және роботтандырылған жүйелердің түрлері ұсынылады.
Биылғы бағдарламада жаңа жарыстар пайда болды. Олар жас тілшілер арасындағы «Жас сарбаз – жас тілші» байқауы және тоғыз-құмалақ ұлттық ойыны бойынша онлайн-турнирі. Алғаш рет тұрақты түрде «Жас сарбаз Хаб» коворкинг-орталығы іске қосылады. Оның ішінде жиынның фронт-кеңсесінің, брифинг залының және «Жас сарбаз медиа» студиясының жұмысы ұйымдастырылды.
Өткен жылдағыдай, барлық жарыстар мен байқаулар қатысушылардың нормативтер мен тапсырмаларды орындау сәтінен видеоларды жүктеу арқылы мобильді қосымша бойынша ұйымдастырылады.
«Айбын-2021» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны 30 қарашаға дейін жалғасады. «Егемен Елдің ертеңі – мен жас сарбаз» атты бірінші жас патриоттар форумы аясында жиынның жабылу және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"