Табиғат-ананың тұнықтығына бәріміз жауаптымыз

Қазақстанның көп бөлігі құрғақ аймақта орналасқан және оның шамамен 60 пайыз аумағы әртүрлі деңгейде шөлдену үдерістеріне ұшыраған. Алдын ала есептеулерге сүйенсек, жайылымды жерлердің құлдырауынан, әскери полигондардың жарылыстарынан, егістіктер эрозиясынан, екінші қайтара тұздану мен басқа себептерден болған шығындар 300 миллиард теңгені құрайды. Табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуынан, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің құлдырауынан және жағымсыз экологиялық жағдайдың салдарынан халық денсаулығына айтарлықтай зиян келген Арал және Семей аймақтары экологиялық апат аймақтары болып жарияланған. Қазіргі таңда бұрынғы Семей полигонына іргелес аймақтарда қатерлі ісік аурулары мен халық арасында өлімнің, қан айналымы жүйесі ауруларының, жаңа туған сәбилер арасында туабітті кемістіктер мен ерте қартаю нәтижесі жоғары деңгейі анықталған. Арал маңындағы экологиялық апат аймағында, әсіресе әйелдер мен балалар арасында асқазан-ішек аурулары мен қанның азаюы, балалар өлімі мен туабітті ауытқушылықтардың жоғары деңгейі көрініс тапқан.

«Судың да сұрауы бар»
Енді экология саласындағы мәселелерді жіктеп көрсек, айталық, еліміз су ресурстарының үлкен тапшылығы қалыптасқан елдер санатына жатады. Қазіргі кезде су нысандары тау-кен өнеркәсібі, металлургия және химия өнеркәсібі, қалалардың коммуналдық қызметтері кәсіпорындарымен қарқынды түрде ластанып әрі нақты экологиялық қауіп-қатер тудырып отыр. Тым көп ластанған өзендер – Ертіс, Нұра, Сырдария, Іле, Балқаш көлі.
Халықты ауызсумен қамтамасыз ететін негізгі көздер болып табылатын жерасты сулары да ластануға ұшыраған. Су нысандарына антропогендік жүктеме мен олардың қалпына келу қабілеттілігі арасындағы теңгерімсіздік экологиялық қолайсыздықтың барлық ірі өзен бассейндеріне тән болуына алып келді, ал су шаруашылықтарының қажеттіліктерін жеткіліксіз қаржыландыру су шаруашылығы нысандарының қанағаттанғысыз техникалық жағдайы мен халықты ауызсумен қамтамасыз ету мәселелерінің ушығуының себебіне айналды. Жерүсті суларының ластану, қоқыстану және жұтаңдау үдерістері жалғасуда, олардың негізгі себебі су қоймаларына тазартылмаған немесе жеткіліксіз тазартылған ағынды сулардың құйылуы болып табылады. Су нысандарына жыл сайынғы түсетін шығындылар шамамен 2,5 миллион тонна құрайды.
Әскери полигондардың да әсері орасан
Иә, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерінің де ластануға әсері орасан. Қазіргі кезде республика аумағында төрт әскери-сынақ полигоны мен «Байқоңыр» кешені жұмыс істейді. Қоршаған орта мен жақын маңда өмір сүретін халыққа теріс әсерін тигізетін ракеталардың жерге құлаған және құлап түсетін сынықтары, аса улы отынның төгілуі және басқа да факторлар нақты экологиялық қауіп-қатер тудырады. «Байқоңыр» космодромынан тасымалдаушы ракеталардың ұшырылуы жалпы көлемі 12,24 млн гектар құлау аймағы деп бөлінген бөліктерімен қамтамасыз етілген.
    Атмосфераға өнеркәсіп кәсіпорындарының шығындылары жылына шамамен үш миллион тоннаға жетеді екен. Олардың 85 пайызы 43 ірі кәсіпорынға тиесілі. Ауаны автомобиль көлігінің ластауы көлемі аса қауіпті болып саналады, бұл еліміздегі автокөлік құралдары санының қарқынды өсуімен байланысты. Мұның республиканың ірі қалалары үшін өзекті мәселеге айналуының себебі – автокөліктің ауа бассейнін ластауына қосқан үлесі жалпықалалық шығындылардың 60 пайызына және одан да жоғарыға жетеді.
Атмосфераның негізгі ластануы түсті металлургия, жылу энергетикасы, қара металлургия кәсіпорындарының, мұнай-газ кешені мен көлік шығындыларына да байланысты. Оның айқын қауіп-қатерлері халық денсаулығының нашарлауы мен қоршаған ортаның құлдырауынан көрінеді. Ауаның ластану мәселесі республика халқының жартысынан көбі өмір сүретін, негізінен ірі қалалар мен өнеркәсіптік агломерацияларға тиесілі. Ең көп ластанғандар қатарында 10 қала бар, оның 8-інде ауа ластануының деңгейі жоғары.
Қалалардағы ауа ластануының жоғары деңгейінің себебін өндірістің ескірген технологияларынан, тиімсіз тазарту құрылғыларынан, қолданылатын отынның төмен сапасынан, энергияның жанданатын және дәстүрлі емес көздерінің нашар пайдалануынан көруге болады. Автокөлік санының күрт өсуі де ірі қалалардағы (Алматы, Астана, Өскемен, Шымкент) көміртек оксиді мен азот диоксиді шоғырлануының өсуін тудырады, бұл қалаларда осы заттардың орташа жылдық шоғырлануы шекті рұқсат етілетін мөлшерден артық.
Радиоактивтік ластану табиғи газдан шығады
Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігіне нақты қауіп-қатер тудыратындардың бірі – радиоактивтік ластану. Оның көзі негізгі төрт топқа бөлінеді: уран өндіруші және қайта өңдеу өнеркәсібінің жұмыс істемейтін кәсіпорындарының қалдықтары; ядролық қаруды сынақтан өткізу нәтижесінде ластанған аумақтар; мүнай өндіруші өнеркәсіп пен мұнай құрылғыларының қалдықтары; ядролық реакторлардың жұмысы нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен радиотопты өнім. Ел аумағында алты ірі уранды геологиялық аймақ, уранның көптеген майда кен орындары мен тау жыныстары бар. Олар уран өндіруші кәсіпорындарда және ядролық жарылыстарды өткізу орындарында жиналған қалдықтарды, табиғи радиобелсенділіктің жоғары деңгейін тудырады.
Қазақстан аумағының 30 пайызында адам денсаулығы үшін нақты қауіп-қатер тудыратын, радон-радиоактивті табиғи газдың бөлініп шығуының жоғары әлеуетті мүмкіндігі бар. Радионуклеидтермен ластанған суды ішу және шаруашылық қажеттіліктері үшін пайдалану аса қауіпті. Қазақстан кәсіпорындарында 50 мыңнан астам иондаушы сәулеленудің істен шыққан көздері бар және радиациялық зерттеу барысында 700-ден астам бақыланбайтын көздер табылған және жойылған, олардың 16-сы адам үшін өте қауіпті.
Республикадағы ең қолайсыз аудандардың бірі Семей өңірі екені белгілі. 2005-2007 жылдарға арналған бұрынғы СЯСП (Семей ядролық-сынақ полигоны) мәселелерін шешу бойынша кешенді бағдарламаның аясында жүргізілген зерттеулер аумақта радиоактивті ластанулар алаңының болғанын растайды және суда техногенді радионуклеидтердің жоғары мөлшерде болғаны анықталған.
Бактериологиялық залалдың әлеуетті қаупін Арал теңізіндегі Жандану аралындағы биологиялық полигонның жұмысы тудырады. Кейбір биологиялық агенттердің қоршаған орта нысандарында және жануарлардың ағзаларында ұзақ уақыт бойы сақталатынын ескерсек, олардың республика мен басқа көршілес мемлекеттерде таралуының нақты қауіп-қатері бар. Жандану аралында оба, сібірлік ойық жарасы мен туляремия сияқты кейбір аса қауіпті инфекциялардың табиғи-ошақты аймағының болуы әбден мүмкін.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"