Өскелең ұрпақ арасында армиялық спорт түрлерін дамыту мақсатында армиялық қоян-қолтық ұрыстан «Шығыс» ӨңҚ құрама командасы жаттығуға Семей қаласының «Киокушинкай каратэ» спорттық секциясының тәрбиеленушілерін шақырды.
Кездесу барысында өңірлік қолбасшылықтың спортшылары өздерінің жаттықтыру жаттығуларын көрсетті, тартыс кезіндегі айла-тәсілдерді, сайыс барысында спортшылардың экипировкасын көрсетті, сондай-ақ көрсетпелі ұрыстарды өткізді. Өз кезегінде, секция тәрбиеленушілері спорттық жетістіктерімен бөлісіп, айла-тәсілдерді орындауда шеберліктерін паш етті.