Сотқа үйде отырып шағымдануға болады

2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы халықпен жұмыс істеу жүйесі іске қосылды.

«Сот кабинеті» сервисі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми сайтында жүзеге асырылады. Аталған жаңалық сотқа арыз беру механизмін оңтайландыру үшін, азаматтар мен заңды тұлғалардың уақытын үнемдеуге, сот жүйесіне қолжетімділік және ашықтылық, сонымен қатар электрондық цифрлық қолтаңба кілттерді пайдалана отырып, электронды қарым-қатынас арқылы сот өндірісін оңтайландыруға бағытталған. "Сот кабинеті" сервисі сот органдарына арыздарды, өтініштерді, шағымдар мен өтінішхаттарды, сондай-ақ хаттарды жіберу үшін арналған. Осы сервис арқылы сот құжаттарын және істерді іздеуге, мемлекеттік бажды онлайн түрде төлеуге, істі қарау барысын қадағалауға, "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызметін ішінара алуға, "Талдау" форумына (сот практикасын қорыту) ауысуға болады. Сот кабинеті азаматтарға сот органдарының электрондық сервистеріне бір терезеден қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Бүгінгі күнде Ақмола гарнизоны әскери сотына, «сот кабинеті» сервисі арқылы 270 талап арыз түскен, оның ішінде 215 талап арыз «сот кабинеті» сервисі арқылы түскен. Бұл түскен жалпы талап арыз санының 79 пайызын құрайды. Бұл көрсеткіш «Сот кабинеті» сервисін пайдалану  өте ыңғайлы және тиімді екенін көрсетеді.  «Сот кабинеті» сервисінің мобильдік қосымшасы азаматтарға қолжетімді болды. iOS мобильдік платформасындағы «Сот кабинеті» мобильдік  қосымшасы - iOS, Android және Windows Phone мобильдік платформаларында «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасы сервистерінің интерфейстерін сипаттайды. Пайдаланушыларды мобильдік қосымшада тіркеу сервисінің Сот кабинеті веб-нұсқасына қарағанда артықшылықтары бар. Пайдаланушыны тіркеу үдерісі үшін Сот кабинеті сервистерін қолдануға пайдаланушы келісіміне алдын ала қол қойып,  пайдаланушының ЖСН және ұялы телефон нөмірін көрсету жеткілікті. Пайдаланушы көрсеткен ұялы телефон нөміріне смс арқылы қосымшада авторлану үшін құпия сөз келеді. Қосымша сервистерінің қысқаша сипаттамасы: ü Жаңалықтар  сервисі, Қазақстан Республикасы Сот жүйесінің жаңалықтарын хронологиялық тәртіпте ертерек жарияланғандарынан бастап кейінгілеріне қарай көруге мүмкіндік береді. ü Істерді қарау тізімдері  сервисі, нақты сот органы бойынша таңдап алу мүмкіндігімен тағайындалған сот отырыстары туралы ақпаратты (өткізу күнін, орнын және уақытын) онлайн режимде табуға мүмкіндік береді; ü Тапсырылған құжаттар сервисі, қосымша пайдаланушысына мобильдік қондырғыға жүктеу мүмкіндігімен сот органдарына Сот кабинеті веб-сервисі арқылы жолданған барлық құжаттарды көруге мүмкіндік береді; ü Хабарлаулар сервисі, пайдаланушыға сот органдарына берген сот құжаттарының мәртебесін бақылап отыруға мүмкіндік береді; ü Cот процесі қатысушыларының күнтізбесі сервис,  күнтізбеге оқиғаларды қосуға, сондай-ақ сіз процесс қатысушысы болып табылатын сот отырыстары туралы мәліметтерді көрсетуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, сервис адвокаттың басқа соттарда жұмыспен қамтылуын ескеру, сондай-ақ адвокаттың (қатысушының) басқа сот процесіне қатысуға байланысты сот қарауын кейінге қалдыру туралы өтінішінің негізділігін тексеруге мүмкіндік туғызады; ü Жіберуді күтуде сервисі,  сіз қол қоймаған және сот органына жібермеген өтініштер туралы ақпаратты қамтиды. ü Чат  сервисі қосымша пайдаланушыларына мәтіндік хабарламалармен алмасуға мүмкіндік береді.  
                                                                                                                       Асқар Жарменкенов,  Ақмола гарнизоны әскери соты
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"