Сот жүйесі жаңашылдықты жандандыруда

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы судьяларының VІ съездінде сот құрылысын жетілдіру, сот төрелігінің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету, сот жүйесінің жұмысына қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу жайы талқыланған болатын. Соған орай бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының барлық соттарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әскери соттарына «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинет» сервисі, «Электронды шақыру қағаз», «Сот құжаттарымен танысу» сервисі, «SMS–хабарлама» сервисі, «Талдау» форумы, сот органдарымен байланысу CALL-орталығы, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар,  бейнеконференция арқылы сот төрелігін жүзеге асыру сияқты жаңа ақпараттық технологиялар қызметке енгізілді.

Сол сияқты сот ісін жүргізуді қысқарту үшін сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне рұқсат беретін бірыңғай терезе «Сот кабинеті» жұмыс жасайды. «Сот кабинеті» арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың кез келгені сотқа келіп әуре-сарсаңға түспей, ыңғайлы уақытта үйде немесе кеңседен шықпай-ақ онлайн режимде электронды түрде талап-арыздырды беруге, шағымдар мен өтініш хаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға толық мүмкіндігі бар. Сонымен қатар «Сот кабинеті» электрондық сервисін ілгері дамыту және жаңарту мақсатында мобильді құрылғы арқылы сот органдарымен берілетін, сервиске кіруге қамтамасыз етілетін «Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» қосымшасы әзірленді. Соттағы мұндай жаңа ақпараттық технологияның енгізілуінің тағы бір негізгі тиімділігі ретінде – арызданушы азаматтар мен сот қызметкерлері тікелей қарым-қатынасқа түсуіне жол бермей, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жағдай жасайтындығы болып табылады. Бейнеконференцбайланысы арқылы республиканың басқа өңірінде тұратын сотқа қатысушы тараптан жауап алу мүмкіндігі туындап отыр. Айта кету керек, жыл басынан бері бейнеконференц байланысы арқылы Қазақстан Республикасы Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында 2 іс қаралды. Онымен қоса, Қазақстан Республикасының Әскери сотына қарасты гарнизондық әскери соттар республиканың әр аумағында орналасуына байланысты, жұмыс қорытындылары бойынша жиналыстар, өзге де іс-шаралар бейнеконференц байланысы арқылы өткізіліп отырады. Бұл, біріншіден, мемлекет қаржысын, екіншіден, уақытты үнемдейді.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам»-Ұлт Жоспарының 20 қадамында барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу туралы баса айтқан болатын. Бұл тұрғыда барлық әскери соттарда дыбыс-бейне құрылғысы орнатылғанын айта кету ләзім. Осы орайда тілге тиек ете кететін болсақ, құпия, бұйрықтық және жеңілдетілген өндірістегі істерден басқа барлық азаматтық және қылмыстық істер дыбыс-бейне құрылғысын қолдану арқылы өткізіледі. Бұл ең алдымен адам қолымен жіберілетін қателіктердің алдын алуға және қағазбастылықтан босатуға септігін тигізбек. Бұдан бөлек қазіргі таңда іссапарға шықпастан, сот залындағы дыбыс-бейне құрылғысы арқылы республиканың басқа өңірлерінде тұратын сотқа қатысушы тараптан жауап алу мүмкіндігі де бар. Сонымен қатар ҚР Әскери сотының бос әкімшілік лауазымды орындарға үміткерлерді жұмысқа қабылдау бойынша және басқа облыстарда жұмыс істейтін қызметкерлермен әңгімелесу дыбыс-бейне жазу құрылғысы арқылы өткізіледі. Сондай-ақ аталмыш саладағы жаңашылдықтың бірі деп «Талдау» Форумы» электрондық сервисін де айтуға болады. Ол форум, құқықтық қатынасты реттейтін заңнама жайлы ақпарат жоқ болған жағдайда сот тәжірибесін жалпылаудан, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан және тағы да басқа сот төрелігін атқару кезінде қажетті ақпараттардан тұрады. «Талдау» Форумы сот актілерін жүйелеп, оларға мониторинг жасауды қамтамасыз етуге, нақты істер санаттары бойынша сот тәжірибесін талдауға, сот істерін қарау тәжірибесінің бірыңғай тәжірибесін қамтамасыз етуге, тұрақты сот тәжірибесін қалыптастыруға, барлық іс санаттары бойынша сот тәжірибесіне жедел қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиімді екенін айта кеткеніміз жөн. Сонымен қатар ағымдағы жылғы 4 сәуірден бастап сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар арасында online-сауалнама жүргізу басталды. Сауалнама мақсаты – жүзеге асырылып жатқан реформалар мен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде қазақстандық соттар жұмысының сапасы мен қолжетімділігіне азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін анықтау. Сауалнама арқылы соттар жұмысына ақпараттық технологияларды енгізу, сот сатыларының санын қысқарту, кәсібилік, судьялардың әдебі мен мінез-құлық мәдениеті, сот процестерін аудио-бейнетіркеу жүйесінің жұмысы, соттар жұмысының ашықтық деңгейі мен сапасы туралы респонденттердің пікірін білу жоспарланып отыр.

Сот жүйесіне енгізілген оң өзгерістер мен жаңашылықтардың бәрі Елбасының тікелей басшылығымен іске асып отырғанын атап өтпеуге болмайды. Сондай-ақ сот төрелігінің мінсіз қызметін құру, сот жүйесіне сенімсіздікті жою, сот ісін жүргізуді жеңілдету, сот жүйесінің ашықтығы мен қол жетімділігін арттыру, қағазбастылықтан босату, ең маңыздысы қоғамның сот органдарына сенімін арттырып, жемқорлықты жоюға тікелей бағытталғандығын да сот төрелігін жүзеге асырудағы жаңа ақпараттық технологиялардың іске қосылуы деп бағамдаған жөн.

Е. АХМЕДЖАНОВ,

ҚР Әскери сотының баспасөз хатшысы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"