Щучинскіде бұқаралық медиа өкілдеріне баспасөз туры арналды

Щучинскіде ҚР ҚМ АОСК оқу-жаттықтыру орталығының базасында Астана қаласының журналистері мен блогерлеріне арналған баспасөз туры өткізілді.

Баспасөз турының негізгі мақсаты белсенді және салауатты өмір салтын, спорттың әскери-қолданбалы түрлерін дәріптеу мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен әрі қарайғы сапалы өзара іс-қимылды нығайту болды. Баспасөз турының өткізілуі барысында журналистер мен блогерлердің үш командасы арасында дене тұрғысындағы қабілеттіліктерді ғана емес, сонымен бірге, зейін, тапқырлық пен ептілікті паш етуге бағытталған күтпеген жағдайға толы квест түріндегі әскерилендірілген ойын өткізілді. Сондай-ақ ойын барысында бұқаралық медиа өкілдері пейнтбол мен пневматикалық винтовкадан оқ ату бойынша үздік нәтижелер көрсетіп, өздерінің қабілеттіліктерін танытты. Командалар биіктікте болуға талпынды. Әр ұпай үшін күресудегі спорттық құштарлық пен табандылықты команда ойыншылары паш етті.
«Шынымды айтсам, шаңғыны бірінші рет тепкелі отырмын. Бүгін біз әскери қызметшілердің күн сайынғы жаттығуларда қандай сынақтардан өтетіндерін сезініп, Отан қорғаушылар деген кәсіпке құрметіміз арта түсті. Бәрінен бұрын квест түріндегі әскерилендірілген ойын, әсіресе, команда қатысушыларымыздың өзара көмек беруі өте қатты ұнады. Өйткені, барлығымыздың дене дайындық деңгейіміз әртүрлі. Ұйымдастырылып отырған баспасөз туры мен осындай керемет ойын үшін Қорғаныс министрлігіне рахмет. Бүгін біз позитив пен жақсы көңіл-күйге бөлендік», - деп танымал қазақстандық блогер Яков Федоров алған әсерлерімен бөлісті. Ойын жеңімпаздарды құрмет грамоталары және медальдармен марапаттау рәсімімен аяқталды.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"