«Сарбаз» газеті «Жыл патриоты» атанды

«Сарбаз»  газеті «Жыл патриоты» атанды

Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Мәденит және спорт министрлігінің ұйымдастырумен республикалық патриоттар форумы өтті.

Салтанатты шараға еліміздің өңір-өңірлерінен 200 делегат келіп қатысты. Олардың қатарында ҚР Парламенті депутаттары, орталық мемлекеттік органдарының өкілдері, этномәдени орталықтар, үкіметтік емес және жастар ұйымдары, шығармашылық интелегенция, бұқаралық ақпарат құралдары,еңбек ардагерлері мен ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметкерлері бар.  Номинацияда өздерінің күнделікті еңбегі мен нақты істері арқылы Отанға деген патриоттық сезімдерін көрсеткен қазақстандықтар аталып өтілді. Олардың қатарында  – «Сарбаз» республикалық басылымының ұжымы бар. Бұл басылым 1929 жылдан бастап шығып, жылдар бойы атауын бірнеше рет өзгертсе де, әскери тарихтың ажырамас бөлігі саналады. Қазіргі уақытта «Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық газеті және «Айбын» журналы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде болып жатқан маңызды және өзекті мәселелерді қозғап келеді. Салтанатты шараның қорытындысы ретінде концерт ұйымдастырылып, жеңімпаздар диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Почему нельзя использовать сдвоенные рожки для автомата

Почему нельзя использовать сдвоенные рожки для автомата

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи