Салтанатты сап түзеді

Отан қорғаушылар мерекесіне орай Шымкент гарнизонының бастығы полковник А.Абдуваитовтың бастауымен облыс көлемінде ауқымды іс шара өткізілді. Атап өтетін бір жайт бұл мерекелік іс - шара ерекше форматта өтті. 35748 әскери бөлімнің аумағында өткізілген әскери парад қала әкімі Н.Сауранбаев мырзаның және соғыс ардагерлері мен көптеген құрметті қонақтардың қатысуымен ұйымдастырылды.

Парадта құрлық әскерлері, шекара әскері, Жасұлан мектебінің тәрбиеленушілері және ішкі әскердің әскери оркестрі салтанатты сап құрып, мерекелік іс - шараның көркін ашты. Гарнизонымыздың бірқатар әскери қызметшілері Шымкент қаласының әкімі Н.Сауранбаевтың қолынан әр түрлі дәрежедегі мінсіз қызметі үшін алғыс хат, медальдар, марапат қағаздарына ие болды. Марапаттау рәсімінің соңы мерекелік концертке жалғасып, барлаушылар мен Жасұлан мектебінің тәрбиеленушілері өз қойылымдарын көрсетті. Ең қызықты сәт Жамбыл облысы 40 әскери базасында Елбасының қатысуымен өткізілген жауынгерлік парадты тікелей эфирден барлық қонақтар бірге тамашалады.

Іс - шараның соңы 35748 әскери бөлімінің командирі – гарнизон бастығы полковник А.Абдуваитов қала әкімі мен бірқатар қонақтарға бөлімнің әскери техникалары мен қару - жарақтарын және оқу сыныптарын таныстырумен аяқталды.

 

 

майор Мухит Карабаев

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы

35748 әскери бөлімі

 

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"