Әскери борышты орындау кезінде ағымдағы жылғы 27 наурызда оқу-жаттығу барысында ҚР ҚК тікұшағының апатқа ұшырауы нәтижесінде бортта болған 13 әскери қызметші көз жұмды.
Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық жеке құрамы қаза болған жауынгерлік қызметтестерінің туған-туысқандары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Қорғаныс министрлігінің басшылығы моральдық және материалдық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайтын болады.