Ресейден алынған С-300 кешендері Қазақстан аспанын күзету қызметін таяу күндері бастайды

Мәскеуден Астанаға әкелінген С-300 зениттік зымыран кешенінің бес дивизионы жақын арада Ресей мен Қазақстанның ӘШҚҚ (әуе шабуылына қарсы қорғаныс) бірыңғай аймақтық жүйесі аясында Қазақстан аспанын күзету қызметін бастайды.

Бұл туралы журналистерге РФ әуе-ғарыш күштерінің бас қолбасшысы Виктор Бондарев хабарлады, деп жазды ТАСС.

«Қазақстанға жіберілген С-300 зенитті зымыран жүйелерінің бес дивизионы жақын арада өз қызметіне кіріседі», - деді ол.

Қазақстан С-300ПС жүйелерін қайтарымсыз алды. Оларды өткен жылы жібердік, - деп хабарлады Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу.

Мәскеу мен Астана 2013 жылы ӘШҚҚ (әуе шабуылына қарсы қорғаныс) бірыңғай аймақтық жүйесін құру туралы келісімге келді. Дәл осындай келісім 2009 жылы - Беларусьпен және 2015 жылдың соңында - Армениямен жасалды. 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"