Ресей Федерациясының әскери делегациясы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасына барды

Халықаралық әскери ынтымақтастық шеңберінде Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің әскери делегациясы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасына барды.

Делегация құрамына Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Кадрлар бас басқармасының бастығы генерал-полковник Виктор Горемыкин, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров пен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі әртүрлі қызметтерінің офицерлері кірді. Әскери делегацияның сапары барысында әскери кафедраның оқу-материалдық базасы, Құрлық әскерлері ӘШҚҚ мен мотоатқыш әскерлерінің оқу-жаттықтыру полигондары, интерактивті лазерлік тир, ЖӘЖМ механик-жүргізушісі мен зенитші атқыштың тренажерлары, барлық зерделенетін пәндер бойынша мамандандырылған аудиториялар көрсетілді. С. Нұрмағамбетов, Б. Момышұлының атаулы аудиториялары мен әскери-патриоттық жұмыстың бөлмесін қамтитын әскери-патриоттық жұмыс орталығында делегация мүшелері әскери кафедра мен «Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық газетінің тілшілер пунктінің жетістіктерімен танысты. Кездесу қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының бастығы полковник Олег Ажимов Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің өкілдеріне естелік сыйлықтарын табыс етті.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"