Қырағы полиция қызметкері әке мен баланы қауыштырды

Күні-түні көшелерде, әскери қалашықтарда қоғамдық тәртіптің бұзылмауын, әскери бөлімдерде жарғылық  тәртіпті қамтамасыз етуші Әскери полиция қызметкерлерінің өмірі сырттан бір қарағанда біржақты болып көрінгенімен, шындығында олай емес. Керісінше, қызметке сай артар жүгі ауыр дегеніңізбен, алғыс арқалар қызықты жайттар да көптеп орын алады.

Осындай бір оқиға ағымдағы жылдың 25-ші шілдесінде Гвардейский әскери қалашығында орын алды.  40-шы «Отар» әскери базаға Шымкент гарнизонының Әскери полиция бөлімінен іссапарға келген қатардағы жауынгерлер Момбеков Дінисламбек пен Шерехан Нұрсұлтан патрульге шыққан болатын. Қалашықты  тиісті бағыт бойынша аралап жүрген олар жылаған келіншек даусы мен кейіген әке даусын естиді. Себебін сұраған оларға Сайфулдиновтар отбасы кешкі тоғыз жарым-он шамасында төрт жастағы қыздары Алуаны таппай қалғандарын, мүмкіндік болса іздеуге қол ұшын берулерін айтып өтінді.

Кішкентай қыз кешке қарай есік алдына ойнауға шығып кеткен, ал әкесі капитан Сайфулдинов Ұлан бұл кезде өз әскери бөлімінде қызметте болған. Қатты соққан жел, кенет өшкен электр жарығы ата-ананың қорқынышын одан әрі үдете түсті. Дереу іздеуге кіріскен жауынгерлер арада жарты сағат өткенде қараңғыда, қатты соққан желден қорқып, қалашықтың шет жағындағы ағаш арасында тұрған кішкентай бүлдіршінді көреді. Осылай, бүлдіршінді әке шешесіне табыстаған оларға Сайфулдиновтар отбасы өз алғыстарын айтты.

 

Н.Айнабеков,

Әділет майоры  

Гвардейск гарнизоны Әскери полиция бөлімінің аға офицері


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"