Құрметті қарымды қалам иелері!

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы, Әскери және Ардагерлер кеңесі мен өз атымнан «Sarbaz» әскери – патриоттық газетінің шығармашылық ұжымын 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.

Тарихы телегей ведомстволық газеттер көп емес. Солардың арасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Sarbaz» әскери-патриоттық газетінің журналистика айдынында төбесі қарайып алыстан көрініп тұр. «Боевое Знамя», «Qьsьl әsker» («Қызыл әскер»), «Фрунзевец», «Қазақстан сарбазы» атты әскери газеттердің заңды мұрагері «Sarbaz» газетінің тарихы тереңде.

Құрметті қарымды қалам иелері, ниеттес достар! Елеулі еңбектеріңізге, ұшқыр қаламдарыңызға, мейірімді жүректеріңізге айтар алғысымыз шексіз. Қызметтеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өмірлеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді 90 жылдық мерейтоймен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, баянды бақыт, жаңа табыстар тілеймін! Жазар көбейсін!

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"