Ұлттық әскери-патриоттық орталықта мерекелік концерт өтті

Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған концерт өтті.

Іс-шараның құрметті қонақтары ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ, жастар ұйымының өкілдері, елорда тұрғындары мен қонақтары болды. Мерекелік концерт басталмас бұрын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов әскери-патриоттық орталықта «Мәңгілік ел»  монументін салтанатты түрде ашты.

Сонымен қатар, мұнда фотокөрме, Берель Мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы мен Қазақстан суретшілер Одағы мүшелерінің картиналары көрмесі өрістетілді. Дәл 1 желтоқсан күні ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы өзінің құрылғандығының бір жылдығын атап өтеді.

Тура бір жыл бұрын бұл күні Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев осынау мәдени ошақты салтанатты түрде ашқан болатын. Бір жыл ішінде ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы әскери-патриоттық тәрбие беру мен қазақстандық жастарға білім берудің ордасына айналғанын айта кеткен жөн.

 Бүгінгі таңда оның құрамында концерттік зал, Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі және Орталық ансамблі жұмыс жасап тұр. Орталықтың маңызды бөлігі ежелгі дәуірден бастап және қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстан халқының әскери тарихы мен мәдениетінің ескерткіштері шоғырланған Қарулы Күштердің Әскери-тарихи мұражайы болып табылады.  Бір жыл ішінде оған 36 000-нан аса адам келді. Музей бірнеше залдардан тұрады. Атап айтқанда, ҚР Қарулы Күштерінің залы,  Мерзімді көрмелер залы, ХІХ ғасырдың Көне залы, XX  ғасырдағы әскери тарих залы, XX-XXI  ғасырлардағы қару-жарақ залы, Сурет өнері залы, сондай-ақ, «Қазақстанның әскери ісі тарихы» атриумы бар.
Қазіргі уақытта мұражай қорында шамамен 10 000 жәдігер бар және толығуда.  ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері мен ардагерлері, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен батырлардың тума-туыстары, локальді соғысқа қатысушылар, сондай-ақ, жеке коллекционерлер тарихтың сирек кездесетін жәдігерлерімен бөлісуде.  Сонымен бірге, музей өзіндік археологиялық қызметін дамытуда.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"