ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізуге арналған отырыс өтті

Астанада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалық етуімен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізуге арналған мемлекеттік комиссияның бірінші отырысы өтті.

«Тәуелсіздік жылдарда біз біз тарихи тұрғыда керемет жетістіктерге қол жеткіздік. Біздің Қазақстан - Ұлы дала Елі! Бұл біздің ұлы мақтанышымыз», - деді Г.Әбдіқалықова комиссия отырысындағы алғысөзінде.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу мемлекеттілікті, халықтың бірлігін одан әрі нығайтуға және барлық қазақстандықтарды «Мәңгілік Ел» құндылықтары айналасына ұйыстыруға ықпал етеді.

Мемлекеттік хатшы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу: еркіндік, бірлік, тұрақтылық, шығармашылық, өркендеу сияқты негізгі құндылықтардың аясында өткізілетіндігін атап өтті.

Сондай-ақ, кездесуде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шараларды дайындау және өткізуде мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдардың арасындағы ынтымақтастығы мәселелері де талқыланды.

Кездесу барысында мемлекеттік комиссияның мүшелері мен қатысушылары Егемендіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тарихы: Қазақстандық жолдың даму қарқыны» атты деректі фотокөрменің ашылу рәсіміне қатысты. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"