ҚР Қорғаныс министрі Ресей Федерациясы қорғаныс ведомствосының басшысымен кездесті

Астанада ҚР Қорғаныс министрлігінде ШЫҰ мүше мемлекеттері қорғаныс министрлері кеңесінің өткізілу шеңберінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов пен Ресей Федерациясы қорғаныс ведомствосының басшысы армия генералы Сергей Шойгудың кездесуі өтті.

«Біздің кездесулеріміз жиі өткізілетін мазмұнға ие болып отыр. Бұл Қазақстан мен Ресей сияқты стратегиялық серіктестер үшін қажеттілік болып табылады. Мүмкіндікті пайдалана отырып, Сириядағы әскери операцияның сәтті өтуімен шын жүректен құттықтағым келіп отыр», - деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов. «Халықаралық лаңкестікпен күресуде жалпы түсінік пен біріктірілген іс-қимыл жасау қажет. Бүгінде жалпы алғанда, ғасырлар бойы жинақталған барлық бастамалардың беріктілігі шыңдалуда. Мұнда да баршамызға ол жақта болып жатқанды тағы бір мәрте талқыға салып, лаңкестікпен күресу жөнінде қосымша бірлескен шараларды қарастыруымыз қажет шығар. Бүгін бізде осындай мүмкіндік болады деп үміттенемін. Ынтымақтастымызға қатысты айтар болсақ, оның стратегиялық, татулық сипатқа ие екендігі сөзсіз, әдеттегідей, алдымызға өмір мен заманауи уақыт қойып отырған  сол мәселелерді шешуге біршама сенімді қадам басып келеміз», - деді Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі армия генералы Сергей Шойгу. Бүгін, Астанада ШЫҰ қатысушы елдері қорғаныс министрлерінің кеңесі өтіп жатқанын естеріңізге сала кетейік. Отырыс шеңберінде ШЫҰ мүше мемлекеттері әскери үрмелі оркестрлерінің «Бейбітшілік кернейі» ІІІ халықаралық фестивалі өтеді.  ШЫҰ қатысушы елдері әскери музыканттарының фестиваліне Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы әскери оркестрлерінің жеке құрамы қатысады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"