ҚР Қорғаныс министрі Армия халықаралық ойындарының ашылуына қатысты

«Алабино» (РФ) полигонының аумағында  қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов төртінші Армия халықаралық ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Армия ойындары – бұл халықаралық ауқымдағы бірегей іс-шара. Сайыстарға жыл сайын қатысу бұл тәжірибе алмасу мен әскери қызметшілердің далалық машығын жетілдіру ғана емес, сонымен бірге, әскери халықаралық ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Биылғы жылы Армия ойындары 7 мемлекеттің аумағында өтеді, қазақстандық әскери қызметшілер ойынның 28 байқауының 14-іне қатысады. Іс-шара аясында Қорғаныс министрі Қазақстан Қарулы Күштерінің құрама командасымен кездесіп, оларға жарқын жеңіс, лайықты өнер көрсету мен сайыста қызу бәсеке тіледі. Естеріңізге сала кетсек, ойында еліміздің намысын қорғау құқығы түрлер мен әскер тектерінің, «Астана», «Оңтүстік», «Батыс», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының үздік әскери қызмтешілеріне бұйырды. АрХО-2017 сайысының қорытындысы бойынша ҚР Қарулы Күштерінің құрама командасы әлемнің 28 елінің 150 армиялық командасы арасында үшінші жалпы командалық орынды иеленгенін айта кеткен жөн. Қазақстанның командасы ұйымдастырушылардың пікірінше, ең көрнекі болып танылды. Ойынның төрешілер алқасының мүшелері қазақстандық әскери қызметшілердің жоғары дайындық деңгейлерін, кәсібиліктері мен жауынгерлік машықтарын атап өтті.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"