ҚР Қорғаныс министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтті

Астанада қысқы оқу кезеңінің қорытындысы және жазғы оқу кезеңінің міндеттерін анықтау жөнінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысы өтті.

Алқа отырысына Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев, ҚР Бас әскери прокуроры әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадинов, Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың басшылық құрамы, ҚМ мен ҚР ҚК БШ құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары қатысты. Бейне байланыс нысанында ҚР ҚК өңірлік қолбасшылықтардың және әскер тектерінің қолбасшылары, әскери оқу орындарының бастықтары, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің бастықтары, құрамалар, әскери бөлімдер мен аймақтық қорғаныс бөлімшелерінің командирлері қатысты.  Аталған отырыста Қарулы Күштердің жауынгерлік даярлық жағдайы мен әскерлердің жауынгерлік қабілеті, әскери объектілердің жай-күйі мен инфрақұрылымдардың қамтамасыз етілуі, қаржы-шаруашылық қызмет жағдайларының және әскери ғылымды дамытудың негізгі бағыттары талқыланған болатын. Бұдан өзге, Қарулы Күштердің қысқы оқу кезеңіндегі әскери тәртіп, құқық тәртібі мен әскери қызметтің қорытындысы шығарылды. Отырыс барысында қорғаныс ведомствасының басшысы басқару органдарының жұмылдыру және жауынгерлік даярлығын қолдау,  әскери қауіпсіздік пен мемлекеттің қорғанысты қамтамасыз ету жағдайында ағымдағы жылы әскерлер даярлығын әскерлердің деңгейін күшейтуге шоғырландыруды белгіледі. Кеңес қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі үздік нәтиже көрсеткен үздік взвод және рота командирлерін мадақтады. Жауынгерлік даярлықтағы үздік көрсеткіштері, әскери борышын үлгілі атқарғаны үшін және 2018 оқу жылының қысқы оқу кезеңінің қорытындысы бойынша І дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен майор А.Ш. Сафаров, капитан Н.С. Жаманғарин, аға лейтенант Ж.А. Жахин, лейтенант С.О. Өмірбеков, ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен  3-сыныпты сержант З.Б. Мақышев марапатталып, аға лейтенант  Ж.А. Абылханов «капитан» әскери атағын кезектен тыс алды. «Мерген батальон» жарысында үздік көрсеткіштері үшін І дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен үздік батальон (дивизион) командирі аталымында майор Е.З. Бекбаев, үздік рота командирі аталымы бойынша аға лейтенант Ф.Н.Қабиев, үздік взвод командирі аталымы бойынша лейтенант С.Б. Судьянов марапатталды, ал ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен үздік батальон (дивизион) аталымында сержант  3-сыныпты сержант Н.К. Қорабаев пен Б.К. Әлиев марапатталды. 



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"