ҚР Қорғаныс министрлігі ақпараттық саясатты жүзеге асыру жөнінде шараларды нығайтады

ҚР Қорғаныс министрлігінде алғаш рет Қазақстан Қарулы Күштерінің әскер түрлері мен тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің, Астана, Алматы қалаларының және еліміздің 14 облысындағы қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің, сондай-ақ ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының ақпараттық жұмысқа жауапты әскери қызметшілерімен әдістемелік оқу-жаттығу жиыны басталды.

Бұл жиынның ресми ашылуы ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовтың қатысуымен өтті. «Елбасы – Жоғарғы Бас Қолбасшы ақпараттық қоғамның даму деңгейі әр елдің мемлекеттік институттарының, экономикасының және қорғаныс қабілетінің қызмет ету процесіне тікелей әсер етеді деп атап өтті. Әлемнің заманауи болмысында азаматтардың ақпараттық қоғамдағы талаптарының қатарында мемлекеттің бақуатты болуы қажетті жағдай деп саналса, ақпараттық орта ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Еліміздің қорғаныс қабілеті үшін ақпараттық ресурстардың, басқару мен байланыс жүйесіндегі айқын жұмыстың айрықша маңызы бар» - деп қорғаныс ведомствасының басшысы атап өтті. Жиынның ашылуы рәсіміне ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Нұргүл Мәуберлинова да қатысты.

 Аталған әдістемелік оқу-жаттығу жиынының өзектілігі әр минут сайын жаңарып отыратын ақпараттық технологиялардың дамуында, ақпаратқа еркін қол жеткізу мен аса көп мәліметтер ауқымы қазіргі заманның болмысы ретінде қабылдануында болып табылады, ол қоғам мен мемлекет өміріне, оның ішінде қорғаныс ауқымына да әсер етеді. Бұл үдеріс еліміздің Қарулы Күштерінің ұлттық мүддесі мен егемендігін қорғауға дайындығы, қорғаныс пен әскери құрылыс ауқымында қабылданатын шешімдер туралы ақпараттың қажеттілігін қалыптастыратыны анық.

 Сонымен қатар, республикалық, өңірлік деңгейде ақпараттық саясатты сапалы жүзеге асыру маңызды болып табылады. Жиынға қатысушыларға арнап мазмұнды бағдарлама әзірленген, атап айтқанда теориялық және практикалық сабақтар, қазақстандық журналистер мен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мамандарының қатысуымен тәжірибе алмасу сабақтары.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"