ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Сқақов Әбілқайыр Бақтыбайұлы 1974 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы:

  • 1995 жылы Ақмола қаржы-экономикалық техникумын Салық бойынша қаржыгер мамандығы бойынша біліктілігiн алған;
  • 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін Экономист-қаржыгер мамандығы бойынша біліктілігi алған;
  • 2004 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын Бакалавр-заңгер мамандығы бойынша біліктілігi алған.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары:

  • 2011 жылы - «Салық қызметінің үздігі» атағы
  • 2011 жылы - «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі
  • 2012 жылы - «Қаржы қызметінің үздігі» кеуде белгісі
  • 2014 жылы - «Мемлекеттік қызмет үздігі» атағы
  • 2014 жылы - «Ерен еңбегі үшін» медалі

Еңбек жолы:

          Мемлекеттік қызметте 1995 жылдан бастап жұмыс жасайды.

  • 29.05.1995-11.01.1996 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Павлодар облысы бойынша Салық инспекциясы Жанама салықтар бөлімінің маманы, Павлодар қаласы
  • 12.01.1996-16.02.1997 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Павлодар облысы бойынша Салық инспекциясы Жанама салықтар бөлімінің салық инспекторы, Павлодар қаласы
  • 17.02.1997-01.06.1998 жылдар аралығында - Павлодар облысы бойынша Салық комитеті Жанама салықтар бөлімінің аға салық инспекторы, Павлодар қаласы
  • 01.06.1998-13.04.1999 жылдар аралығында - Павлодар облысы бойынша Салық комитеті Ірі салық төлеушілердің салық аудиті бөлімінің бас салық инспекторы, Павлодар қаласы.
  • 14.04.1999-30.03.2000 жылдар аралығында - Павлодар облысы бойынша Салық комитеті Ірі салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы, Павлодар қаласы
  • 31.03.2000-17.07.2000 жылдар аралығында - Павлодар облысы бойынша Салық комитеті Ірі салық төлеушілерді талдау және мониторингілеу бөлімінің бас маманы, Павлодар қаласы
  • 18.07.2000-09.11.2000 жылдар аралығында - Павлодар облысы бойынша Салық комитеті тіркелмеген салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы, Павлодар қаласы
  • 10.11.2000-03.12.2001 жылдар аралығында - Павлодар облысы бойынша Салық комитеті Төлемдерді талдау, болжалдау және есепке алу бөлімінің басшысы, Павлодар қаласы
  • 03.12.2001-19. 05.2005 жылдар аралығында - Павлодар облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, Павлодар қаласы
  • 19.05.2005-23.05.2006 жылдар аралығында - ҚР ҚМ СК Павлодар облысы Қашыр ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, Павлодар облысы Қашыр ауданы
  • 23.05.2006-18.07.2008 жылдар аралығында - Павлодар облысының Денсаулық сақтау департаментінің экономикалық мәселелер бойынша директордың орынбасары, Павлодар қаласы
  • 21.07.2008-26.10.2010 жылдар аралығында - Павлодар облысы бойынша Салық департаменті Павлодар қаласы бойынша салық басқармасының басшысы, Павлодар қаласы
  • 27.10.2010-жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің бастығы, Қостанай қаласы
  • 14.05.2012-13.10.2014 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының орынбасары, Астана қаласы.
  • 13.10.2014 - 04.11.2014 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Даму және жаңғырту департаментінің директоры, Астана қаласы
  • 2014 жылдың қараша айынан Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болған.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"