ҚР Қорғаныс министрі ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты

30-қараша күні Мәскеуде ТМД-ға мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті 71-ші отырысы өтті. Отырысқа қатысу үшін ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың басшылық етуімен қазақстандық әскери делегация барды, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Отырыста тараптар ТМД ӘШҚҚ Біріккен жүйесін дамыту және ұстауға, ТМД қатысушы мемлекеттер Қарулы Күштері инженерлік әскерлерінің өзара іс-қимылы, байланыс жүйелері, ізгілік минасыздандыру аясында ынтымақтастықты кеңейту, әскери кадрларды оқыту, ТМД пішімінде бірлескен әскери-спорттық және білім беру іс-шараларын өткізуге қатысты мәселелерді талқылады.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары әуе-ғарыштық қорғаныс тапсырмаларын шешуге ТМД ӘШҚҚ Біріккен жүйесінің бейімделуінің негізгі бағыттарын, сондай-ақ, ТМД мемлекеттері жоғары әскери оқу орындарының ассоциациясын құруды мақұлдады. Ассоциацияны құру әскери білім беру аясында ынтымақтастықты кеңейту арқылы ТМД-ның жалпы білім беру кеңістігін сақтау мен дамытуға бағытталған ТМД ҚМК қызметіндегі және оның жұмыс органдарының кезекті жоспарлы қадамы болып табылатынын айта кеткен жөн.

Одан басқа, тараптар 2016 жылғы Армия халықаралық ойындарының қорытындысын жасап, әскерлердің далалық машығы аясында Достастықтың қатысушы мемлекеттері Қарулы Күштерінің ынтымақтастығын әрі қарай дамыту мәселелерін талқыға салды.

Отырыс қорытындысы бойынша әскери ведомстволардың басшылары келесі жылдың бірлескен жұмысын, оның ішінде, ТМД ҚМК құрылғандығының 25 жылдығына арналған іс-шараларды жоспарлады. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"