ҚР Қорғаныс министрлігінің БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің бастығы тағайындалды

ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов ҚР Қорғаныс министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жөніндегі департаментінің бастығы 1-ші дәрежелі капитан Серік Бурамбаевты таныстырды.

1-ші дәрежелі капитан Серік Бурамбаев Киев жоғарғы әскери-теңіз политехникалық училищесінің, ҚР РФ Әскери университетінің, ҚР РФ Әскери университеті жанындағы адъюнктурасының, ҚР Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курстардың түлегі.
  
Серік Бурамбаев қызмет жолын Махачкала қаласындағы Каспий флотының корабльдер күзеті дивизионы саяси бөлімнің комсомолдық жұмыстар жөніндегі бастығының көмекшісінен бастаған.

 Тәрбие және әлеуметтік-құқықтар жөніндегі әскери комиссардың орынбасары – Атырау қаласы әскери комиссариатының тәрбие және әлеуметтік-құқықтар жұмыстары бөлімінің бастығы, Ақтау қаласындағы Әскери-теңіз институты бастығының орынбасары, 29011 әскери бөлімінің командирі – ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары, Бас қолбасшының бірінші орынбасары – ҚР ҚК ӘТК бас штабының бастығы, Бас қолбасшының орынбасары (Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі) – ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасының ТӘҚЖ бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарған. 2-дәрежелі «Айбын» орденімен және басқа да 8 медалмен марапатталған.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"