ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы қызметінің қорытындысын шығарды

Астанада ҚР Қорғаныс министрлігі басшылығының қатысуымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы кәсіби шығармашылық ұжымдарының қызмет қорытындысы шығарылды.

ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу саласындағы жастардың қоғамдық ұйымдарының қызметін үйлестіретін көпфункционалды мекеме болып табылады.
Орталық алғашқы күннен бастап мемлекетіміз бен Қорғаныс министрлігі басшылығының, әскери бөлім қолбасшылығының, ардагерлер ұйымдары өкілдерінің қатысуымен мазмұны мен пішіні жағынан сан салалы, көлемі жағынан ауқымды патриоттық шараларды өткізіп келеді. Олардың қатарында жастарды әскерге шығарып салу, әскери ант қабылдау және өздерінің жауынгерлік міндеттерін атқарған әскери қызметшілерді ұлықтау, тақырыптық викториналар, акциялар мен конкурстар, «Ерлік сабақтары», «Ашық есік күндері», «Жас армияшы күні», әскери-патриоттық клубтардың республикалық деңгейдегі әртүрлі кеңестері мен слеттері, «Жас ұлан» әскери әндер фестивалін айтуға болады.
Орталық әскери оркестр Әскерлер парадына, Армиялық халықаралық ойындарына, сондай-ақ республикамыздағы қоғамдық-маңызды іс-шараларға қатысушы. Сонымен қатар, «Әскери керней», «Труба мира», «Спасская башня», «Астана самалы» сынды түрлі деңгейдегі фестивальдарға тұрақты түрде қатысып келеді.
Ағымдағы жылы ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әншілері Бүкілресейлік «КАТЮША» халық шығармашылығы фестиваліне қатысып, «Виват, Победа» номинациясы бойынша жүлделі бірінші орынды иеленді. Балалардың «Ерке» хор және би студиясының үлкен сахналарда өнер көрсетіп, марапаттар мен жүлделі орындарды бағындырып жүргенін де өткен абзал.
ҚР ҚМ Орталық әскери оркестрінің сәтті де өнімді жұмысының арқасында музыканттар мемлекетіміздегі үздік шығармашылық ұжымдардың қатарынан табылды. Осы жерде әскери оркестрдің үні әскери қызметшілердің жауынгерлік рухын көтеруде әрқашан маңыз ды рөл атқарғанын атап өткен жөн.
Шара қорытындысы бойынша әскери-патриоттық тәрбиені дамытуға қосқан үлестері үшін, жоғары орындаушылық шеберліктері және мәдени-көпшілік шараларға белсенді қатысқандары үшін бірқатар әскери қызметшілер мен қызметшілер медальдармен марапатталып, құрмет грамоталары табыс етілді. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"