Қорғаныс зерттеулері бойынша кеңес

Қарулы Күштердің әскери-ғылыми әлеуетін дамыту бойынша Жоғарғы Бас қолбасшының тапсырмасын орындау шеңберінде әскери ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаевтің төрағалық етуімен қорғаныс зерттеулері бойынша кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыстың негізгі мақсаты қорғаныс зерттеулері бойынша кеңес жұмысының жоспарын айқындау, ҚР Қорғаныс министрлігінің, Бас штабының, ҚР Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшелерінен келіп түскен өтінімдерді бірлесіп талқылау, егжей-тегжейлі қарау және қорғаныс пен әскери қауіпсіздік саласындағы зерттеулер бойынша шешім қабылдау. Одан басқа, қатысушылар отырыс аясында қорғаныс зерттеулерінің төрт жобасының ғылыми сараптамаларының нәтижелерін қарады. Оның негізінде алқалы түрде қорғаныс зерттеулері тақырыптары жобаларының орындаушыларын айқындау бойынша шешім қабылдады. Сондай-ақ кеңес құрамы ҚР ҚК-де жалпы әскери ғылымды дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Ол бойынша ҚР Қорғаныс министрі оларды одан әрі іске асыру жөнінде тиісті нұсқаулар берді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"