Қорғаныс саласында 6 айда атқарылған ауқымды істер

Ағымдағы жылдың да жартысынан аудық. Қорғаныс саласында атқарылған шаруа аз емес. Алты айды қорытындыласақ, ауыз толтырып айтатын жетістіктер бар. Тізбелеуге де құлықтымыз. Өйткені, өсудің бір қағидасы – сараптау, екшеу, есеп беру. Ендеше қаңтардың бірінен бері Қорғаныс министрлігі бел шеше кіріскен істердің бір парасын оқырман назарына ұсынсақ...

Қаңтардағы қарбалас

ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының әскери қызметшілері жыл басында Астана қаласындағы балалар үйіне барып, сый-сияпат жасады. Осы орайда, әскерилердің қамқорлығына қарттар үйі, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен балалар үйінің тәрбиеленушілері бекітіліп берілгенін айта кеткен жөн.

Бұдан бөлек, осы айда ҚР Қарулы Күштерінде жаңа қызмет пайда болды, яғни, әскерилерді гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін арнайы басқарма құрылды. Гидрометеоролог әскери қызметшілер метеорологиялық мәліметті жинайды, талдайды және әскерлерге таратады, авиациялық оқиғаларды, теңізде жүзу және кеме қатынасының қақтығыстары мен қауіпсіздігін тергеп-тексеруге қатысады, сондай-ақ ҚР ҚК-нің  гидрометеорологиялық бөлімшелерінде ғылыми-әдістемелік және өнертапқыш жұмысты жүргізеді.

Іргелі істердің тағы бірі, әскери қызметшілеріміз жаңа пәнді зерделейді. Бұл пән ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету кафедрасының базасында магистранттар үшін енгізілген. Жаңа ғылыми пән – «Логистика» – логистикалық жүйені, әскери логистиканы, оның көліктік құрамдасын ұйымдастыруда, қойма шаруашылығын, қорлар мен ресурстарды басқаруда мол тәжірибесі бар АҚШ-тың сарапшыларымен әзірленуде.

«Пән барлық топтар үшін, әскери-әкімшілік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету топтары үшін жүргізіледі. Логистиканың тақырыптарын анағұрлым терең зерделеу тылдық және техникалық қамтамасыз ету топтарымен, қалған топтар үшін әскери логистика негіздерін зерделеу жүргізілетін болады» дейді ҰҚУ Ұлттық зерттеу институтының ғылыми қызметкері,  PhD докторы  полковник Айдар Бердібеков.

                                                                                         Ақпанда атқа қонды

Ақпан айында Қапшағай қаласындағы «Қазбат» қазақстандық бітімгершілік батальонының базасында қазақстандық әскери қызметшілер үшін «Харрис» радиостанцияларын пайдалануға және оларды «Хаммер» автомобильдеріне орнату тәртібіне оқыту бойынша курс басталды. Оқуға «Харрис» байланыс құралдарын орнату, ретке келтіру және пайдалану қағидаттары жөнінде өз білімдерін жетілдіретін «Қазбат» байланысының мамандары тартылды. Радиостанциялар «Қазбаттың» жауынгерлік даярлығы үдерісінде таптырмас құрал және НАТО стандарттары бойынша толығымен үйлескен.

Сонымен қатар осы тұста 91678 әскери бөліміндегі таулы-қорықтық ротада атпен дайындау басталды. Армияда жылқыларды пайдалану таулы жерлерде бөлімшелердің орналасуымен байланысты. Олар техника үшін қолжетімсіз жерде, тайыз соқпақ жолдарда жаралыларды шығару, жеке құрамның жедел қозғалуын және өзге де тапсырмаларды орындауда, жүктер мен оқ-дәрілерді тасымалдауда белсенді түрде қолданылады.

Үйрету барысында жылқылар кедергілер жолағын еңсерді, күрделі таулы жерде жеке құрамды тасымалдады. Полигондарда жылқылармен жұмыс жасау жоспарға байланысты айына бірнеше рет өтеді. «Сәйгүліктерді өзіміз тамақтандырамыз. Сұлы, кебек, бидай сияқты азық жемді жылқылар нормаға сәйкес күн сайын алып тұрады. Сонымен қатар дәрумендер береміз» дейді таулы-қорықтық ротаның командирі аға лейтенант Бек Қамбарбекұлы. Рота жанында жылқылардың денсаулығын қадағалап отыратын ветеринарлық пункт қызмет атқарады.

 

Наурыздың жаңалығы – нағыз жетістік

Наурыздың бел ортасында Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақтың аумағында Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов алғашқы қазақстандық патрон зауыты құрылысының қазығын қақты. Жоғарғы Бас Қолбасшының тапсырмасы бойынша әзірленген жоба аясында Қарулы Күштерде анағұрлым сұранысқа ие 5,45*39 мм, 7,62*54 мм, 9*18 мм, 9*19 мм калибрлі патрондар өндірілетін болады.

Құрылыстың жалпы ауданы 26 400 шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2017 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. «Патрон зауыты ұзақ жылдар бойы ел ішінде шикізат пен материалдар тасымалдауға сұранысты тұрақты қамтамасыз етеді. Жез сияқты қорытпаның 300 тоннасын қолдану аймақтағы мамандандырылған кәсіпорынның жұмысын жандандырады. Арнайы экономикалық аймақ тәртібі жағдайында да қазақстандық патрон зауыты салық түрінде өңірдің бюджетіне жылына 680 млн теңге қаржы түсіреді. Бұл біздің ең қарапайым болжам» дейді «Казтехнологии» АҚ басқарма төрағасы Медер Маселов.

Өндіріс жұмысы Қазақстанның ұзақ мерзімді атыс қару-жарағының оқ-дәрілерін өндіретін елдер қатарына енуіне мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде «Казтехнологии» АҚ зауыт өнімін экспорттау бойынша келіссөздер жүргізуде.

Патрондарды өндіретін жабдықты канадалық Waterbury Farrel компаниясы жеткізетін болады, оның өндіру қуаттылығы жылына 30 млн дананы құрайды.

 

Аруларды қуантқан сәуір

Сәуірде бітірген шаруа – Қорғаныс министрлігінің бастамасымен барлық азаматтық жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларда студент қыздарға арналған мамандықтар ашылды. Әскери кафедраға оқуға түсу үшін қыз балаларға медициналық куәландырудан өтіп, дене даярлығы бойынша нормативтер мен психологиялық тестілеу тапсыру қажет. «Әскери кафедрада білім бере отырып, біз қыздарға бірден ҚР Қарулы Күштерінің офицері ретінде өзін айқындауға мүмкіндік береміз. Әділ және бірде-бір жоғары оқу орнының бойжеткендері назардан тыс қалмау үшін біз барлық жоғары оқу орындарында аштық. Оқу аяқталғаннан кейін барлық үйренушілерге «запастағы лейтенант» әскери атағы беріледі және олар автоматты түрде жұмылдыру резервіне енгізіледі» дейді Білім және ғылым департаментінің бастығы Айгүл Төлембаева.

Қыздар әскери кафедрада төрт мамандық бойынша дайындықтан өтеді. «Университетімізде әскери кафедрада оқуға мүмкіндіктің барына өте қуаныштымын. Бала кезімнен әскери қызметші болуды армандадым және білім алғаннан кейін әрі қарай ҚР Қарулы Күштерінде қызмет етуді жоспарлаудамын» деп ағынан жарылған сол тұста ҚазГЗУ әскери кафедрасының 1-курс студенті Қазына Әнуарова. Қыздар ер балалармен қатар саптық, жауынгерлік даярлықтармен, жарғы, әскери топография пәнімен және өзге де әскери ғылыммен айналысатынын айта кетейік. 

 

Мамырда туған мүсін

Мамырдың соңына ала Ақмол облысында көрнекті мемлекеттік және әскери қайраткер, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Аты аңызға айналған генералдың өмірлік жолы – көптеген әскери қызметшілер үшін Отанға шексіз адал ету мен ерліктің жарқын үлгісі. Барлығымыз Қарулы Күштеріміз құрылған сол күрделі, қиын-қыстау кезеңді жақсы білеміз. Ол шынымен өзінің тағдырын әскери қызметпен байланыстырған әрбір адам үшін үлгі тұтар азамат болды» дейді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов.

 

Жарты жылдықтың бір жеңісі – «KADEX»

Жарты жылдықты қорытындылаған үлкен шаруа – IV халықаралық «KADEX-2016» көрмесі. Қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік шарасының 8 павильонында отандық және шетелдік өндірушілердің қару-жарағы, әскери және авиациялық техникасы қойылды. Биыл көрме секцияларының саны 7-ге дейін кеңейген: авиациялық техника, ҰҰА және ғарыштық технологиялар, Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, ӘШҚҚ жүйелері мен құралдары, әскерлерді тылдық және техникалық қамтамасыз ету мүлкі,  IT-технологиялар, байланыс жүйелері мен құралдары, әскери саладағы робот техника, әскери салада қолданылуы ықтимал баламалы қуат көздері. Барлық павильондар көрме қонақтарын, олардың арасында қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің мамандарын құшақ жая қарсы алды.

Мұнда алғаш рет «Арлан» броньдалған дөңгелекті машиналар мен қазақстандық өндірістің «Барыс» броньды транспортеры ұсынылды.  Қазақстанда мұндай әскери техниканың баламасы жоқтың қасы. Оны ҚР Қарулы Күштерінің мұқтаждығы үшін отандық кәсіпорындар шығарды.

Көрме өткен 4 күн ішінде қазақстандық және шетелдік қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің күш-қуаты көрсетілді. Одан басқа, іскерлік бағдарлама, яки,  халықаралық әскери ғылыми-техникалық конференция, тұсаукесерлер, дөңгелек үстелдер болды. Демонстрациялық және іскерлік бағдарламалар негізгі міндетке қол жеткізуге, қорғаныс-өнеркәсібі кешенін қарқынды дамытуға, инвестицияларды тартуға, жетекші халықаралық өндірушілермен әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"