Қорғаныс министрінің Алматы өңіріне жұмыс сапары

Қорғаныс ведомствосының басшысы Нұрлан Ермекбаев Алматы және Алматы облысына жұмыс сапары барысында бірқатар әскери нысандарды аралады. Жұмыс сапары шеңберінде «Көктал» оқу-жаттығу полигонында қорғаныс ведомствосының басшысы таулы жерде жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру жөнінде өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшыларымен сабақтың өткізілу барысымен танысты.

Көрсетілімді сабақтар жауынгерлік арналым ауданына техникада марш жасауды қамтыды. Онда жеке құрам шартты қарсыластың шабуылына тойтарыс беру жөніндегі іс-қимылдарды пысықтады. Сондай-ақ бөлімшелер рейдтік-іздестіру іс-қимылдарын орындады. Оның барысында басқару органдары ұшқышсыз ұшу аппараттарынан (дрондардан) карта және фототүсірілімдер арқылы алдын ала барлауды жүргізді. Сабақтың шешуші кезеңінде күресудің жоғары технологиялық құралдарын пайдалана отырып, шартты қарсыластың объектілерін барлау және артиллерияның атысын реттеуге айрықша көңіл бөлінді. Өткізілген іс-шара барысында оқу-жаттығуға дайындалу мен өткізудің негізгі кезеңдері, атыспен зақымдау, іс-қимыл, бөлімшелердің үйлесімділігі нәтижелерінің талдауына баға беру тәртібі паш етілді.

Сабақ қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі әскерлердің жауынгерлік әзірлігін одан әрі арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Құрлық әскерлерінің Әскери институтына барды. Онда екі жыл бұрын жоғары оқу орнын сәтті аяқтап, әскери қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген жас офицерлерді, 2016 жылғы институт түлектерін марапаттау бойынша салтанатты іс-шараға қатысты. Аталмыш іс-шара жас офицерлерді бөлудің мақсатқа сәйкестігін алдын ала зерделеу бойынша жоба шеңберінде өткізілуде. Бұл іс жүзінде олардың кәсіби болашағын ғана емес, сонымен бірге, командалық және көшбасшылық қасиеттерін айқындауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жас офицерлердің 90%-ы рота командирлері лауазымдарында қызмет өткеруде. Бағдарламаның пилоттық жобасы 2013 жылы іске қосылды.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"