Қорғаныс министрлігінің басшылығы республикалық БАҚ басшыларымен кездесу өткізді

Байланыс және ақпарат күні – кәсіби мерекесі қарсаңында Астанадағы 68665 әскери бөлімінің базасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-лейтенант Мұрат Майкеев Қазақстанның бұқаралық медианың бірінші басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ақпараттық жұмыс барысындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл алгоритмі талқыланды. Кездесу қатысушыларына бөлімнің аумағын аралау, көрнекі сабақтар, тактикалық іс-қимыл және атыс қаруынан ату жаттығуларын орындау ұйымдастырылды. Іс-шара соңында Қазақстандағы бұқаралық медианың бірінші басшыларын Байланыс және ақпарат жұмыскерлерінің күні кәсіби мерекесімен құттықтады.          «Заманауи қоғамды – ақпараттық қоғам деп атау шындыққа сай. Ақпарат қоғам өмірінде негізгі адами қажеттіліктер мен әлеуметтік тұрғыда ұйымдастырудың іргетасы болып табылады. Жаңа технологиялар, басты коммуникациялық желілер іс жүзінде адам мен қоғамның күнделікті тыныс-тіршілігінде барлық ауқымды қамтиды. Бүгін әскери ведомстваның басшылығы Қарулы Күштердің күнделікті жауынгерлік іс-қимылын, әскери кәсіп пен әскери қызметтің рөлін нығайтуды сапалы ұйымдастыру және БАҚ-та жедел жария ету мәселесінің маңыздылығы басым», - деп генерал-лейтенант М. Майкеев өз сөзінде атап өтті.          Жыл сайын ақпараттық саясатты тиімді жүзеге асыру мен жедел және сапалы іс-қимылды ретке келтіру мақсатында Қорғаныс министрлігі экстремалды журналистикадан «Әскери дискурс» практикалық семинарын, «Әскер медиа» баспасөз фестивалін, тақырыптық баспасөз турлар мен басқа да іс-шаралар өткізеді.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"