Қорғаныс министрлігінде Елбасы Жолдауының негізгі талаптары талқыланды

ҚР Қорғаныс министрінің жетекшілік етуімен «Төртінші өнеркәсіп революциясы жағдайларындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мәселелері бойынша Қорғаныс министрлігі алқа отырысы мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті.

Аппараттық кеңеске Қорғаныс министрлігі мен Бас штабының басшылық құрамы, құрылымдық бөлімшелердің бастықтары және селекторлық режімде түрлер бас қолбасшылары, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары қатысты. Отырыс барысында ҚР Қорғаныс министрі Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіріп, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, оның ішінде, «Цифрлы армия – 2020» бағдарламасының әрі қарай іске асырылуы бойынша маңызды басымдық аспектіге баса назар аударды. Іс-шара қорытындысы бойынша әскери ведомство басшысы аппараттық кеңеске қатысушыларға ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуы жөнінде нақты тапсырмалар қойып, сондай-ақ алдағы кезеңге әскерлерді даярлаудың негізгі бағыттарын нақтылады. Қазіргі уақытта Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру мемлекеттік-құқықтық даярлық бойынша Қарулы Күштердің барлық әскери бөлімдері мен құрамаларында өткізілуде.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"