Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың құзыреті кеңейтіледі

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

«Егер де қолданыстағы заңда Қорғаныс министрлігі мен Бас штабта бүгінде, сәйкесінше 27 және 17 өкілеттік бар, ал осы заң жобасында біз 51 және 35 өкілеттікті қарастырып отырмыз. Қосымша қызметтер бүгінде ұсынылып отырған талаптарға сәйкес келіп отыр. Мысалы, Қорғаныс министрлігі функцияларына әскери қауіпсіздік саласында ақпараттық кеңістіктің мониторингісін және өзінің құзыреті шегінде қауіп-қатер көздеріне қарсы іс-қимылды енгізіп отырмыз»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, заң жобасында Қарулы Күштерде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қорғаныс министрлігінің ережелерді бекітуі қарастырылған. Бұрындары бұл қызмет ведомство функцияларында болмаған еді. 

Жасұзақовтың айтуынша, заңнама «жауынгерлік қабілеттілік», «арнайы операциялар», «өңірлік әскерлер», «қорғаныс зерттеулері» секілді жаңа ұғымдарымен толықтырылды. 

Заң жобасының негізгі мақсаты қорғаныс және әскери қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге негізделген. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР заңдарына Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың құзыреттерін кеңейтуге, әскери қызмет өткеру тетігін және аумақтық қорғанысты ұйымдастыру тәртібін жетілдіруге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр. 

Палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"