Қорғаныс министрлігі және ТЖМ: өзара іс-қимыл, алдын алу, оқыту

ҚР Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс және төтенше жағдайлар министрлері генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев пен генерал-майор Юрий Ильин жұмыс бабымен кездесті. Тараптар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюдағы жедел өзара іс-қимылды талқылады.

Кездесу барысында ведомстволық жоғары оқу орындардың базасында кәсіби даярлықты жоғары деңгейде іске асыруға мүмкіндік беретін материалдық-техникалық және кадрлық ресурстары бар мамандарды даярлау мен қайта даярлау мәселелері қаралды.
Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде (ҰҚУ) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша ТЖМ әскери қызметшілері үшін квоталарды 2021 жылға іріктеу жоспарына енгізуге дайындығын білдірді. Ұлттық қорғаныс университетінің  базасында «азаматтық қорғау» кафедрасын құру мәселесі талқыланды. Бұл қызметке ТЖМ мамандары тартылатын болады.
Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, сондай-ақ байланысты ұйымдастыру мамандығы бойынша құтқарушыларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жоспарда бар.
Төтенше жағдайлар министрлігі өңірлер бойынша, оның ішінде ТЖМ Көкшетау техникалық институтында Қарулы Күштердің өртке қарсы қызметінің әскери қызметшілерін даярлық курстан өткізуді қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"