Қорғаныс министрі Гвардейск гарнизонына барды

Қазақстанның қорғаныс ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаев Гвардейск гарнизонының құрамалары мен бөлімдерін тексеріп, оқу дабылы бойынша танк бригадасын көтерді.

Тексеру барысында Қорғаныс министрі дабыл бойынша жеке құрамның практикалық іс-қимылдарын бақылады. Белгіленген аудандарға жауынгерлік техниканың уақтылы шығуына, сондай-ақ қамтамасыз ету бөлімшелерімен жауынгерлік бөлімшелердің іс-қимылдарының үйлесімділігіне ерекше назар аударылды. Қорғаныс ведомствосының басшысы дабыл бойынша өткізілетін іс-шаралар, қойылған тапсырмаларды орындау кезінде бағынысты бөлімшелердің мүмкіндіктері мен жауынгерлік әзірлікті арттыру бойынша бөлім қолбасшылығымен қабылданатын шаралар туралы бригада командирінің баяндамасын тыңдады. Сондай-ақ, жеке құрам техника мен қару-жарақты жауынгерлік қалыпқа көшіру, оқ-дәрілерді тиеу, жауынгерлік машиналарға жауынгерлік жиынтықты төсеу жөніндегі нормативтердің орындалуын паш етті.

Қорғаныс министрі әскери бөлімдердің инфрақұрылым объектілерін, полигондардың оқу-материалдық базасын, әскери қалашықты, гарнизонның әлеуметтік және мәдени-тынығу мекемелерін тексеріп шықты. Тексеріс нәтижелері бойынша қорғаныс ведомствосының басшысы жауынгерлік даярлықты одан әрі жетілдіру, сондай-ақ Қарулы Күштерде Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру аясында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктеді


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"