Астанада ҚР Қорғаныс министрі генерал–полковник Сәкен Жасұзақовтың Өзбекстан Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Кабул Бердиевпен жұмыс кездесуі өтті.
Өзбекстанның Қорғаныс министрі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барып, университеттің оқу-әдістемелік және материалдық базасымен танысты. Ұлттық қорғаныс университеті және Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерінің Академиясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын айта кеткен жөн.
Өзбекстанның Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында мемлекет басшыларымен әскери ынтымақтастық туралы Келісімге және екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын естеріңізге сала кетейік.