Қазақстанның қорғаныс кәсіпорындары

Көршілес Ресей елінің дәстүрлі халықаралық әскери-техникалық форумына биыл да қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары қатысты. Осымен үшінші жыл шарадан қалыс қалмаған қазақстандық компаниялар өз өнімдерін ұсынып, өндірістік әлеуетін танытты.

Қазақстандық кәсіпорындар қатысты

 

Алғаш рет халықаралық әскери-техникалық форум осыдан үш жыл бұрын Ресей аумағында ұйымдастырылды. Дәлірек айтсақ, 2015 жылы 16 шілдесінен бастау алған шара төрт күнге созылып, мемлекеттер әскери техникасы мен әскери мақсаттағы технологиясын паш етті.

Форум аясында 90-нан астам дөңгелек үстел өткізіліп, 7 мыңнан астам әскери техника мен қару-жарақтардың үлгісі көрсетілді. Бұл шара Ресейде қарулы күштерді модернизациялау кезеңінде өткізілді.

Содан бері Мәскеу облысының Алабино полигоны және Кубинка аэродромының «Патриот» конгресс-көрме орталығының аумағы бірқатар елге таңсық емес. Біздің Қазақстан да осы ауқымды шарадан тысқары қалып көрген жоқ. Өйткені бұл форум халықаралық әскери-техникалық және әскери-экономикалық ынтымақтастықтың кең пішінді алаңы болып табылады. Онда әскери және қос мақсаттағы озық технологиялар паш етілуімен қоса, мемлекеттер өзара ынтымақтастық келісімге де келіп жатады.

Биыл «Әскер-2018» форумына қазақстандық делегацияны Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Жанжүменов бастап барды. Шара тамыздың 21-і күні басталып, төрт күнге созылып, тамыздың 26-сы күні аяқталды. Форумның ұйымдастырушысы – РФ Қорғаныс министрлігі. «Әскер-2018» форум шеңберінде әскери техниканың ауада, жерде және судағы мүмкіндіктері көрсетілді. Сондай-ақ кең ауқымды ғылыми-іскерлік бағдарлама өткізілді.

Биыл Кубинка қаласында өткен аталмыш форумға 18 мемлекеттен 80-нен аса кәсіпорын қатысты. Бірақ 8 ғана ел өзінің ұлттық экспозициясын ұсынды. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Жалпы еліміз осымен үшінші жыл қатарынан аталмыш шараға қатысып отырған жайы бар.

 

Отандық өнімдер ұсынылды

 

Сөйтіп форумға келушілердің назарына Қазақстан 120-дан астам заманауи қару-жарақ және техника үлгілерін ұсынды. Отандық стенд 200 шаршы метрден астам аумақты қамтыды. Онда 9 қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары көбінесе экспорттық потенциалы бар қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін ұсынды. Айта кетсек, ұлттық көрме экспозициясына «КАЕ» ЖШС, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Семей инжиниринг» АҚ, «Казспецэкпорт» РМК, «405 авиажөндеу зауыты» АҚ және ҚӨК саласының басқа да компаниялары қатысты.

Атап өтсек, «КАЕ» ЖШС-тің Электрондық-оптикалық өнімін шығаратын зауыты көрмеде тепловизиялық құралдар үшін инфрақызыл линзаларды және радиобайланыстың кәсіби құралдарын келушілерге көрсетті.

KAZAKHSTAN ASELSAN ENGINEERING (KAE) ЖШС – «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорыны. Ол Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы электронды және электронды-оптикалық өнімдерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 2011 жылы құрылған. 2013 жылдың желтоқсан айында еліміздің қорғаныс ведомстволары басшылығының қатысуымен зауыттың ресми ашылуы болды. Сонымен қатар, кәсіпорынға Елбасы Н. Назарбаев келіп, Қазақстанда осындай жоғары технологиялық өндірістердің құрылу маңыздылығын атап өтті.

Электронды-оптикалық өнімдер шығаратын қазақстандық «КАЕ»  зауыты 2017 жылға арналған мемлекеттік қорғаныс тапсырысын (МҚТ) уақтылы және толық көлемде орындады. Кәсіпорын МҚТ орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне түнде көру аспаптары мен көздеуіштер жиынын жеткізді. Электронды-оптикалық аспаптар тиісті сынақтардан өтті және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы шарттың талаптарына сәйкес қабылданған болатын.

«KAE» ЖШС-мен өндірілетін түнде көру аспаптары мен көздеуіштері Қазақстан  Республикасы Қарулы күштерінің  бөлімшелерімен тапсырмалар орындау үшін қажетті талаптарға сай келеді.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына кіретін «КАЕ» ЖШС түнде көру аспаптарын, жылувизиялық көздеуіштерді, электронды платалар мен оптикалық линзалар өндіруге мамандандырылған. Кәсіпорынның өнімдері бүгінгі күні қазақстандық әскерлерде кеңінен қолданылады және шетелге экспортталады.

Кубинкадағы көрмеде өз өнімін ел назарына ұсынған отандық кәсіпорынның бірі – «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ. Оның негiзi 1928 жылы Мәскеуде қаланған. Кейiн соғыс жылдары кәсiпорын Петропавлға көшiрiлiп, майдан үшiн қажеттi өнiмдердiң өндiрiсiмен айналысты. Ал Қазақстанға эвакуацияланған зауыт қазiр 4 бағыт бойынша жұмыс iстейдi.

Бүгінде кәсіпорын азаматтық бағыттағы өнімімен қатар, еліміздің қорғаныс саласы үшін арнайы байланыс құралдарын шығарады және жаңғыртады. Жеткізілетін өнімдерді әскери сынаудан өткізеді. 43 филиалда сервистік қызмет көрсетеді.

2015 жылдан бастап бұл зауыт Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне арналған әртүрлі полигондық жабдықты жеткізуді жүзеге асырып келе жатыр.

«Кәсіпорнымыз республикамыздың Қарулы Күштерінің жарақтандыруында тұрған байланыс жүйелерін жаңғыртумен айналысады. Баламалы ұқсас базаны біз сандық элементтік базаға көшіреміз. Бұл мобильді қашықтық байланыс кешендері, КАМАЗ-дардың шассиіне арналған реттегіш станциялары, көкжиектен тыс орналасқан станциялар немесе тропосфералық байланыс және тағы басқа», - дейді «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ-ның өкілдері.

Жалпы алғанда, «С.М. Киров атындағы зауыт» еліміздің Қарулы Күштеріне бірқатар бірегей байланыс станцияларын ұсына алады. Жабдық қысқа толқынды арналар арқылы деректерді, мәтіндік, факсимильді, телеграфтық және сөздік хабарламаларды тарату үшін автоматтандырылған техникалық құралдар кешенінен құралған. Отандық кәсіпорынның өніміне сонымен қатар қысқа толқынды радиобайланыс жүйелерінде баламалы және дискретті үлгіде ақпаратты тарату, қабылдауға арналған стационарлық радиобайланыс жабдығы және жоғары өтімді қабілеттілікті, санды қызметтік байланысты, ғаламтор желісі арқылы сандық лектерді таратуды қамтамасыз ететін стационарлық санды радиореттегіш станциясы кіреді. Сондай-ақ зауыт цехтарында Р-414 көп арналы радиореттегіш станциялардың модельдерін, П-240 ТМ аппараттары мен тропосфералық станцияларды жаңғырту жүргізіледі.

Айта кетейік, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың еншілес кәсіпорны –«С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ Кубинкадағы көрмеде әмбебап полигон құрал-жабдығын көрсетті. Оның құрамында мақсатты қондырғылар, төрлі өлшемдегі мақсаттар, басқару блоктар, сондай-ақ радиорелейлік станциялар болды.

Форумға қатысушы тағы бір отандық өндіріс орны – «Семей инжиниринг» кәсіпорны жаңғыртылған брондалған танк техникасы мен конверсионды техниканың макеттерін, оның ішінде Т-72 танкі, ЖӘЖМ және БТР-80 негізінде жасалған жөндеу-эвакуациялық пен барлау-бақылау машиналарын ұсынды.

«Семей инжиниринг» АҚ зауыты қызметінің негізгі бағыты Қорғаныс министрлігі мен еліміздің күштік ведомстволарының броньды танкті техникасын күрделі жөндеуді жүргізу және жаңғырту болып табылады.  2011 жылдан бастап кәсіпорында жаңғыртудың бірінші кезеңі жүзеге асырылды. Оның барысында кәсіпорынның инженерлік инфрақұрылымын ағымдағы жөндеуден өткізу жүргізілді. Зауыт құрастыру және технологиялық құжатқа, сондай-ақ пайдалануға сәтті берілген Т-72 танктерін күрделі жөндеуді жүзеге асыру үшін заманауи жабдыққа  ие болды.

Екініш кезең аясында 2012 жылы тиісті өндірістік алаңдар қайта құрастырылды. Сондай-ақ Т-72 танктері мен өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларды күрделі жөндеуге арналған жаңа цехтің құрылысы басталды.  

Бүгінде «Семей инжиниринг» АҚ іске қосылатын тиісті құжаттама мен жабдыққа ие болды. Одан басқа, броньды техниканы күрделі жөндеу, сондай-ақ өндірілетін өнімнің өз бағасын төмендетіп және қазақстандық ұсталымның үлесін арттыра отырып, толымдаушы бұйымдардың өндірілуін оқшаулау бойынша бағытты елеулі түрде кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жаңғыртудың арқасында бүгінде «Семей инжиниринг» АҚ-тың өндірістік қуаттылығы броньды техниканың барлық түрлерін күрделі жөндеуден өткізуде.

Қазақстандық кәсіпорынның бірі «Тыныс» акционерлік қоғамы да бұл шарадан табылды. Олар да көпшілікке өз өнімдерін танытуды жөн санапты.

«Біз шығаратын өнімдер бізден басқа зауыттарда шығарылмайды. Өзіміздің технология бойынша істелінеді. Осы форумда жаңа технологиялар, жаңа материалдар пайдалану мәселесін, өзіміздің өнімдерді тұтынушыларға беру туралы келісім жасауға, ары қарай кәсіпорнымыздың болашағын қарастырмақпыз», - дейді «Тыныс» АҚ бас директоры Қайрат Қалманбаев.

«Тыныс» АҚ-ның ұсынғаны – «Әскер-2018» форумында әуе өнеркәсібі үшін құрамдас бөлшектерін және әскери амуницияны: бронежилет, брондалған жүйелер, қорғаныш плиталар, дулығалар және басқа да өнімдері.

 

Келісім алаңы болды

 

Ресейде өткен халықаралық әскери-техникалық форумында Қазақстанның көздеген мақсаттары мен жоспарлары көп болды. Өз кезегінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжүменов бақ өкілдеріне: «Әскери техникалардың жаңа заманауи үлгілерімен танысудан бөлек, серіктестік қарым-қатынасты да реттеп жатырмыз. Біздің әскерімізге қажет тауарларды Қазақстанға тасымалдау мәселесін шешпекпіз», деген болатын.

Осы форумы аясында қазақстандық делегация бірқатар шетелдік серіктестерімен келіссөздерді жүргізуді жоспарлап еді. Соның бірқатарына қол жеткізілді.

Мәселен, аталмыш халықаралық форум алаңында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов «Роскосмос» Ғарыштық қызметі бойынша мемлекеттік корпорацияның Бас директоры Дмитрий Рогозинмен кездесті.

Іс-шара аясында қазақстандық және ресейлік тараптар «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін (ҒЗК) құру жөнінде Үкіметаралық  келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қойды.

Аталған құжатқа қол қоюы қазақстандық тарапқа бұл жобаны қаржыландыру мәселені шешуге кірісуге мүмкіндік беретіні атап өтілді. Сонымен қатар, кездесу шеңберінде екі жақ басқа да бірлескен жобалардың іске асу барысы мен «Байқоңыр» кешеніне инвестициялар тарту мәселелерін талқылады.

Форум барысында Қазақстанның әскери делегациясы мен қорғаныс өнеркәсібінің өкілдері заманауи оптикалық-электрондық және геоақапараттық жүйелер, зымыран-ғарыштық кешендер, радиоэлектрондық күрес және барлау техникасымен, байланыс құралдары, ақпараттық (кибер) технологиялар, әуе-десанттық әскерлердің қару-жарағы, ұшқышсыз авиацияның тың үлгілері, лазерлік технологиялар, атыс және өлімге әкеп соқтырмайтын қару, сондай-ақ Ресей Федерациясының Қарулы Күштері мүддесінде дайындалған өзге де техникалық құралдармен танысты.

Осы орайда Қазақстан Республикасының делегациясы көп санды делегациялардың бірі болғанын баса айтайық. Оның құрамына әртүрлі бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мамандары кірді. Одан басқа, форум шеңберінде Әскери-техникалық ынтымақтастық Федералды қызметі, сондай-ақ Ресейдегі және өзге де шет мемлекеттердегі қорғаныс өнеркәсіп кәсіпорындары әртүрлі кәсіпорындарының өкілдерімен келіссөздер өткізілді. Оның ішінде қазақстандықтар да бірқатар келіссөздерге қол жеткізгенін айта кеткен жөн.

Жалпы форум қару-жарақ, әскери және арнайы техниканың перспективалық жүйелері мен кешендерін құру мүддесінде қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары мен ұйымдары, әскери басқару органдарының тиімді өзара әрекет етуі үшін жаңа мүмкіндік болды.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"