Қазақстанның Қарулы Күштерінде Зымыран әскерлері мен артиллерия күні атап өтілді

19 қараша күні Қазақстанның Қарулы Күштерінде Зымыран әскерлері мен артиллерия күні атап өтілді. Аталмыш кәсіби мейрам мемлекеттің қорғаныс мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырмаларын шешуде әскери мамандардың еңбегі сіңгенінің белгісі.

ҚР ҚК әскер тегі ретінде Зымыран әскерлері мен артиллериясы ҚР Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен құрылды. Қазақстан әскерінің ЗӘжА қарсыласты атыспен жоюда тапсырмалардың негізгі көлемін орындайтын Құрлық әскерлерінің негізгі атыс күші болып табылады. Аталмыш әскер тегінің ерекшелігі жоғары маневрлік, дәлдік, жыл, тәулік мезгілі, ауа райы және өзге де жағдайларға соққылар мен атыс тиімділігі тәуелділігінің болмауы болып табылады. ЗӘжА тактикалық зымырандардың құрамаларынан, гаубицалық, зеңбіректік, реактивті және танкіге қарсы артиллерияның, артиллериялық барлаудың, минаатқыш және танкіге қарсы бөлімшелерден тұрады.
ҚР ҚК Зымыран әскерлері мен артиллерияның жеке құрамы әртүрлі қазақстандық және халықаралық оқу-жаттығуларға белсене қатысып, жауынгерлік пен дене даярлығының жоғары деңгейін паш етеді. Біздің артиллерия әскерлері үшін жас офицерлерді Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында дайындайтынын атап өтейік. Ал техниканың жаңартылуы біртіндеп жүргізіледі. Өздерінің кәсіби дайындықтары мен жауынгерлік машықтарын ұдайы жетілдіріп отыруының арқасында ҚР ҚК Зымыран әскерлері мен артиллериясы ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы қойған тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындауына кепіл береді.  

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"