Қазақстандық зауыт халықаралық сайысты полигондық жабдықпен қамтамасыз етуде

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың құрамына кіретін «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ қазақстандық кәсіпорны алдағы өтетін Армия халықаралық ойындары – 2016 байқауларына роталық тактикалық жиынтық әзірлеп қойды.

Жаңа жабдық Қазақстанда өтетін Арми-2016 жарысының «Мерген шебі» және «Артиллериялық оқ ату шеберлері» байқауларын қамтамасыз ететін болады. Роталық тактикалық жиынтық «Гвардейск» полигонына жеткізіліп те қойылды. Ол тәуліктің күндізгі және түнгі уақытында жауынгерлік бөлімшелердің оқу атыстарын ұйымдастыру үшін арналған. Жабдық қытымыр климаттық жағдайларда, яки, үскірік аяз бен аптап ыстықта жұмысты қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне арналған әртүрлі полигондық жабдықты жеткізуді жүзеге асырып келе жатқан бірден-бір отандық өндіруші болып табылады. Жабдық кез келген уақытта жеке құрамның жауынгерлік даярлық тапсырмасын орындауға мүмкіндік беретін ұтқыр, берік, жеңіл орнатылады әрі пайдалануда ыңғайлы. Қазіргі уақытта «Гвардейск» полигонына армия ойындары екі байқауының қатысушылары, яғни, Қазақстан, Ангола, Армения, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Үндістан, Иран, Қырғыз Республикасы, Қытай, Моңғолия, Ресей және Грекияның үздік артиллерияшылары мен мергендері келгенін естеріңізге сала кетейік. Жарыс 2 тамызда басталады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"