Қазақстандық әскерилер көш бастады

Кеше Қазақстандағы «Отар» 40-шы әскери базасында болған Халықаралық армия ойындарының салтанатты жағдайға жабылуы өтті. Осы орайда бұл халықаралық армия ойындарында қазақстандық әскерилер бірінші орын алғанын айрықша айта кеткен жөн.

Оған Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев қатысты. Салтанатты шара көрерменнің көңілін ерекше баураған театрландырылған көрініспен басталды. Сондай-ақ, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығындағы Орталық ансамблдің музыкалық тартулары да өте тартымды болды. Жүргізушілер алдымен ортаға аталмыш халықаралық ойынға қатысқан барша әскерилерді алфавиттік ретте шақырды. Бұдан кейін ойын жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды.

Биыл Қазақстанда Халықаралық армия ойындарының сайыстың үш түрі, яғни «Сұңқар салу», «Артиллериялық атыс шеберлері» және «Сенімді қабылдау» секілді сүрлері бойынша қатысушылар бақ сынады. Бұл сайыс түрлеріне 12 мемлекеттен 18 команда қатысқан болатын. Атап айтар болсақ, Әзірбайжан, Беларус, Венесуэл, Зимбабве, Иран, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Сирия елдерінің әскери командалары бар.

Суреттерді түсірген Думан Құрманғалиев


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"