Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру жалғасуда

Күзгі әскерге шақыру науқаны қызу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта Қарулы Күштердің әскери бөлімдері жасақталуда. Әскерде борышын өтеуге ниетті бозбалалар қатары көбейуде. Бұл биылғы беталыс.

Оған мысал – Тараздан әскер қатарына шақырылған Рамазан Кавазов. Жас жігіт жазда Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебіне түсіп, әскери қызметке дайындала бастады. Жүргізуші мамандығын игерген ол тегін оқыды.
– Мен бала кезімнен әскери қызметші болғым келді, сондықтан әскери комиссариатқа өзім бардым, - дейді Рамазан.
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Каменка ауылының тұрғыны Антон Новичихин барлық азамат әскери борышын өтеуі тиістігіне сенімді.
– Біздің отбасымызда барлық ер азаматтар әскерде болды. Әкем де, ағам да. Мен де олардан қалғым келмейді. Менің қызметім қызықты өтеді деп үміттенемін. Жаңа достар табамын, көп нәрсені үйренемін, әскери істі меңгеремін, – деді жас жігіт.
Күзгі әскерге шақыру науқаны кезінде Жамбыл облысынан әскерге шақыру жасындағы 1300-ден астам бозбала Қарулы Күштерге, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына аттанады.
Елдегі күзгі әскерге шақыру науқаны жылдың соңына дейін жалғасады. Осы уақытта ішінде 18-27 жас аралығындағы 17 мыңнан астам қазақстандықты мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарланып отыр.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"