Қазақстанда экологиялық әскери бөлімшелер құру ұсынылды

Бүгін Парламент Мәжілісінде «Париж келісімін ратификациялау туралы» заң жобасын талқылау кезінде «Табиғат» экологиялық одағының басшысы Мэлс Елеусізов Қазақстанда әскери салаға шығыстарды қысқартып, үнемделген қаржыны экологиялық проблемаларды шешуге бағыттауды ұсынды.

«Біз бұл бағытта айтарлықтай ілгерілеуге мүмкіндігіміз бар. Біз ядролық қарудан бас тарттық, ал егер де әскери шығындарды қысқартуды бастасақ, экология үшін бұл жақсы насихаттау қадамы болар еді»,-деді ол. 
Сонымен қатар М. Елеусізов жастар мәселесіне де тоқталып өтті. 

«Бүгінде жастар еріккеннен не істерін білмей, көбінесе түнгі клубтарға жиі барады деп айтылуда. Осы ретте экологиялық әскери бөлімшелерді құруды ұсынамын. Бұл тұрғыда жастар курстардан өтіп, орманды алқаптарды кеңейтуге үлесін қосар еді. Өздеріңіз білесіздер, елімізде орманды жерлердің үлесі көп емес. Сондықтан орманды алқаптарды көбейтсек, бұл өз кезегінде халықаралық тұрғыда үлгі болар еді»,-деді ол. 
Осы орайда М. Елеусізов экологияны қорғауда нақты істерге көшу керектігін атап өтті.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"