Қазақстанда ірі әскери полигондардың бірінің инфрақұрылымы ауқымды түрде жаңартылды

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Гвардейск» әскери полигоны тұрғын ғимараттар, жөндеуден өткен казармалар, асханалар мен бассейн, жаңа жолдар мен оқ атуға арналған кедергілері мен шептері бар арнайы тас жолға ие болды.

Полигонның инфрақұрылымы адам танымастай жаңартылды. Аумақта тұрғын үйлер салынды. Мұнда барлығы 120 пәтерлі 5 үй болады. Оған жылдың соңына дейін әскери қызметшілер мен олардың отбасылары қоныс аударады. Одан басқа, жолдар жөнделді. Полигонда 14 200 шаршы метр, ал Гвардейск кентінде 2 100 шаршы метр жол жабыны  ауыстырылды. Қазіргі уақытта «Гвардейск» кентінде Армия халықаралық ойындары – 2016 байрақты бәсекесі өткізіліп жатқаны белгілі. Алайда, сайыс аяқталғаннан кейін барлық нысандар анағұрлым сапалы деңгейде әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы бойынша әрі қарайғы сабақтарын өткізу үшін жарамды болады.  Ал артиллерияшылар мен мергендер үшін арнайы салынған тас жолдар кәсіби машықты дамыту үшін пайдаланылады. «Гвардейск» - бұл жалпыәскери полигон екенін айта кеткен жөн. Ол қару мен авиациялық техниканың барлық түрлерін қолдана отырып, ірі ауқымды оқу-жаттығуларды өткізуге мүмкіндік беретін аз ғана нысандардың бірі болып табылады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"