Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ЕҚЫҰ халықаралық курсын өткізуде

Ағымдағы жылдың 16-30 қазаны аралығында Қазақстан Республикасы халықаралық міндеттемелерді орындау аясында Алматы және Арыс қалаларында ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдерімен «Отар» 40-шы әскери базасының оқ-дәрілерді қайта өңдеу пунктінде практикалық сабақ өткізу кезінде «үш қосу» деңгейіндегі жарылғыш заттарды залалсыздандыру жөніндегі екінші өңірлік курсы өткізілуде.

Жарылғыш заттарды залалсыздандырудың оқыту бағдарламасы халықаралық стандарттарға сәйкес Орталық Азия мен Ауғанстандағы ЕҚЫҰ қатысушы елдердің мүдделері үшін ЖЗЗ операциялары ауқымында ұлттық потенциалды арттыруға бағытталған. Бұл курс Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанның әскери мамандарына арналған, оған ЕҚЫҰ қатысушы елдерден 45-тен астам өкіл қатысуда. Сарапшы ретінде АҚШ-ның (USRCENT), Ұлыбританияның, Сербияның және Словенияның Гуманитарлық минасыздандыру орталығының мамандары шақырылды.

Курстың теориялық бөлімі «Бейбітшілік мақсаттағы серіктестік» (ҚАЗЦЕНТ) оқу-жаттығу орталығының базасында, ал практикалық сабақтар «Отар» 40-ншы әскери базасының оқ-дәрілерді қайта өңдеу пунктінде өткізу ұйымдастырылған. Семинар барысында жарылғыш заттардың тәуекелін қысқарту және оларға ден қою мәселелері қарастырылып, жарылғыш зарттарды залалсыздандыру мәселелері бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасу өткізілді. Бұдан өзге, семинардың тақырыбы бойынша Қазақстанның ұлттық тәжірибесі туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері семинардың ашылу кезінде сөз сөйледі.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"