Қазақстан Республикасының Әскери сотында "Ашық есік күні" өтті

Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ғ.Нәсірдінов пен судья М.А.Иманбаевтың, ҚР Бас Әскери прокуратурасының, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР Ұлттық Ұланы, ҚР Қорғаныс министрлігі өкілдерінің қатысуларымен «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.  Аталған семинарға 50-ге жуық әскери қызметшілер қосылды.

Семинардың мақсаты - әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сот шешімдерін түсіндіру, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жаңашылдықтары мен маңыздылығын әскери қызметшілерге түсіндіру болып табылады.
Семинардың бірінші бөлігінде бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй төлемдерін алушыларға қызметтік тұрғынжай берудің орнына, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін өңірлер және отбасы құрамы бойынша сараланған ақшаның тұрғын үй төлемдері ағымдағы және біржолғы төлемдерден тұратынына назар аударылды.

Іс – шара барысында тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әскери қызметшілерге тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянат тіркелген күннен бастап, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын және осы қағидаларға сәйкес нысан бойынша есептелетін төлемдер ағымдағы тұрғын үй төлемдері, ал заң баптарымен көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын және осы қағидаларға сәйкес нысан бойынша есептелетін біржолғы сипаттағы төлемдер біржолғы тұрғын үй төлемдері екені еске алынды.

Сондай-ақ, қаралған істер бойынша әскери соттардың сот шешімдері атап өтілді, толығырақ әскери сот фэйсбук парақшасында таныса аласыздар: https://www.facebook.com/Askerysot/?ref=pages_you_manage

Семинардың екінші бөлігінде әкімшілік рәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттары мен олардың мәні талқыланды.
Әкімшілік сот ісін жүргізуде соттың рөлі түсіндірілді. Атап айтқанда, сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп қана қоймай, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттейді. Судья әкімшілік істің нақты және (немесе) заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы. Сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинайды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды.
Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, сұрақтарға жауап берілді.

ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"