Қазақстан Республикасына Францияның инспекциялық тобы келді

2018 жылға арналған сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжаты шеңберінде Францияның бір топ әскери инспекторлары Қапшағай және Аягөз гарнизондарының аумағында орналасқан 32363 және 10810 әскери бөлімдерін тексерді.

Инспекция мақсаты жыл сайынғы әскери ақпарат алмасу шеңберінде Қазақстан ұсынған жеке құрамның, бригадалардың қару-жарағы мен әскери техникасының негізгі жүйелерінің саны туралы деректерді бағалау. Инспекция барысында шетелдік инспекторлар тобы әскери бөлім командирлерінің қатысуымен брифинг өткізді, инфрақұрылыммен танысты және жеке құраммен танысты. Одан басқа, ҚР ҚМ Қару-жарақты бақылау және инспекцияны қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың басшылығы және Франция верификациялық орталық арасында жұмыс кездесуі өтті. Оның барысында 2019 жылға арналған Қазақстан мен Францияның қорғаныс министрліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"