Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

21 ақпан  күні Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Отырысты ашқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әскери жаттығу барысында қаза тапқан 7 әскери қызметкердің туыстары мен жақындарына барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты.

– Жамбыл облысында қар көшкіні салдарынан болған қайғылы оқиға туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Олардың әрқайсысы елінің нағыз патриоты болып, өз әскери міндетін соңына дейін атқарды. Қорғаныс министрлігіне қаза тапқан сарбаздардың отбасыларының бәріне жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуді тапсырамын. Мемлекеттік комиссия болған оқиғаның себептерін анықтауда. Мұндай қайғылы жағдай болашақта қайталанбау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

Қауіпсіздік кеңесінің күн тәртібіне мынадай мәселелер шығарылды:

– Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің 2012-2016 жылдарға арналған стратегиясының іске асырылу қорытындылары, жаңа стратегияда белгіленген алдағы кезеңге арналған негізгі қадамдардың таныстырылымы;

– әскери-техникалық саясаттың бірқатар аспектісі;

– «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық және оны өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"