Қарулы Күштердің дене даярлығы және спорт бастықтарымен оқу-әдістемелік жиын өз мәресіне жетті

Алматы қаласында 61993 әскери бөлімінің базасында ҚР Қарулы Күштері дене даярлығы және спорт бастықтарының жиыны өз мәресіне жетті.

Сабақтар барысында әскери қызметшілердің жалпы және жылдамдық бойынша төзімділіктері, күштік қасиеттерін дамытудың жаңа әдістері, ұзақ жүгіру жаттығуларын өткізу, сондай-ақ киім-кешекте жүзу және су кедергілерін бұзып өту тәсілдері көрсетілді. Үш күн бойы дене даярлығы және спорт бойынша мамандар Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Дене шынықтыру Әскери институты кафедралары бастықтарының жетекшілік етуімен теориялық және практикалық оқудан өтті.
«Биылғы жылы біз жиынды Ресей Федерациясы қонақтарының қатысуымен алғаш рет халықаралық деңгейде өткіздік. Олар дене даярлығы мен спорттың әскери-қолданбалы түрлерін дамытудың озық тәжірибесімен бөлісті. 2011 жылдан бастап Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Дене шынықтыру Әскери институтында Қазақстанның Қарулы Күштерінде қызмет өткеріп жатқан 40-тан аса маман дайындалды. Өткізіліп жатқан жұмыс әскери қызметшілеріміздің дене даярлығының деңгейін арттыруға оң ықпал етіді», - деді Спорт комитетінің төрағасы полковник Расул Мейірманов.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"