Қарулы күштердің ардагері Борис Төкенұлы Керімбаев өмірден озды

2019 жылғы 12 ақпанда ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін 72-ге қараған шағында Қарулы Күштердің ардагері, отставкадағы полковник Борис Төкенұлы Керімбаев өмірден озды.

Борис Төкенұлы Керімбаев 1948 жылғы 12 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Өз өмірін әскери қызметпен байланыстыруға бел буған Борис Төкенұлы Ташкент жоғары жалпыәскери командалық училищесінің курсантынан бастап полк командиріне дейін қызметтік өсу жолынан өтті.   Оның өмірбаянындағы жеке ерлік парағы 1981 – 1983 жылдардағы Ауғанстан Демократиялық Республикасында интернационалдық борышын орындаған кездері болып табылады. Онда ол аты аңызға айналған арнайы мақсаттағы жасаққа қолбасшылық жасады және маңызды бағытта 2 жыл бойы қарсыластың үстем күшіне қарсы тұра білді. Өзінің қызмет өткеру жылдарында Борис Төкенұлы жеке басының үлгі-өнегесімен нағыз генералдар мен офицерлер буынын тәрбиелеп шығарды. Олардың көбі бүгінгі күні өз қызметін абыроймен өткеруде. Зейнеткерлік демалыста жүрсе де ол еліміздің қоғамдық өміріне белсенді араласып, Отанымыздың игілігі жолында аянбай еңбек етті. Оның Отан алдында сіңірген еңбегі лайықты жоғары мемлекеттік наградалармен бағаланды.   Полковник Борис Төкенұлы Керімбаевтың есімі ерлік, жанқиярлық пен патриотизм эталоны ретінде біздің есімізде мәңгі қалады.   Қорғаныс министрлігінің басшылығы Борис Төкенұлы Керімбаевтың өмірден озуына байланысты отбасының, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"