Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қазақстан Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында екі тақырыптық экспозиция ашылды.
«Жас Сарбаз – Мәңгілік ел ұланы» экспозициясы құрылғанына екі жыл болған «Жас сарбаз» жастар қозғалысына арналған. Аталған қозғалыстың арқасында жастар әскери-патриоттық және шығармашылық бағыттағы түрлі қабілеттерін іске асыруға мүмкіндік алады. «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысын құрудың бастамашысы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Математикалық ойлау және техникаға бейімі бар балалар үшін «Смарт сарбаз» сыныптары ашылған. Онда оқушылар робототехникамен айналысады және өз жобаларын жасайды. Олардың үздіктері экспозицияда ұсынылған.
Робот-сапер оқ-дәрілерді іздеуге арналған, робот-логистик оларды тасымалдаумен айналысады, робот-өрт сөндіруші өртті өз бетінше сөндіреді.

Тағы бір экспозиция Сталинград шайқасына жақын аймақта болған Батыс Қазақстан облысына арналған. Орал қаласының дәл осы теміржол торабының арқасында майданға қажетті қару-жарақ пен азық-түлік жеткізіліп отырған. Батыс Қазақстан облысының экспозициясында бомбаланған Жәнібек диорама бекеті көрсетілген.
Жаңа тақырыптық экспозициялар тарихты зерделеу үшін де, жастарға патриоттық тәрбие беру мәселесінде де, Әскери-тарихи музейдің мүмкіндіктерін кеңейтеді.