Президенттің бес әлеуметтік бастамасы студент жастармен кездесудің өзегіне айналды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы сапары барысында «Студенттер үйіне» барып, олардың жатақханадағы тұрмыс жағдайымен танысты және Президенттің бес әлеуметтік бастамасын талқылау мақсатында студент жастармен кездесу өткізді.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында қабылданып жатқан шаралар инженерлік-техникалық қызметкерлердің жаңа буынын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл, өз кезегінде, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға және «білімділердің жылыстауына» қатысты мәселелерді шешуге жол ашады. Жастар үшін білім алудың қолжетімді болуы айрықша маңызға ие. Президент «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» үшінші әлеуметтік бастамасы аясында жыл сайын бөлінетін 54 мыңға қосымша 20 мың грант бөлу туралы шешім қабылдады. Олардың 11 мыңы - Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында сұранысы арта түсетін техникалық мамандықтарға бөлінген. Студенттік инфрақұрылымды жетілдіру бағытында Үкімет жатақханаларда 75 мың орын дайындау бойынша жұмыстар атқаруда. Бүгінгі таңда 205 мыңға жуық студент басқа қалалардан келіп оқиды, олардың тек 67 мыңы жатақханаларға орналастырылған.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"